215. Кальцийдің сіңірілуіне әсер етеді – Д витамині (кальциферол) 216. Жасыл эвгленаның амебадан ерекшелігі – денесі тұрақты, талшығы, қызыл көзшесі болады, фотосинтез жүреді 217. Тауықтектес құстар – тауық, күркетауық, цесарка(мысыр тауығы), ұлар, құр, тауыс, қырғауыл, бөдене, кекілік 218. Гомологиялық мүшелер – ұрық бастамасынан дамитын құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әртүрлі мүшелер. Мысалы, жарғанаттың қанаты мен көртышқанның алдыңғы аяғы, итмұрынның тікенектері мен асбұршақтың мұртшасы 219. Асқабақтар тұқымдасындағы нағыз жидекті өсімдік – итжүзім 220. Векторлар – плазмидтер, фагтар, аденовирустар 221. Эпителий ұлпасының типтері – безді, сезгіш, кірпікшелі, жалпақ, текшелі, бағана тәрізді ауыспалы 222. Балықтың сезім мүшелері – бүйір сызығы(судағы толқын күшін сезеді), дәм сезу, иіс сезу (жұп иіс сезу қапшықтары), көру, тепе-теңдік сақтау мен есту мүшелері (ішкі құлақта), сазан, жайын балықтарда сипап сезу қызметін мұртшалары атқарады 223. Чаргафф ережелері – 1) А:Т=1 аденин саны тиминге тең 2) Г:Ц=1 гуанин саны цитозинге тең 3) (А+Г)/(Т+Ц)=1 пуринді және пириминді сандары тең 224. Сілекей құрамында кездесетін нәруыз – муцин 225. Бауыраяқты ұлулар – жалаңаш шырыш, жүзім ұлу, тоспа ұлу, түйіртік, жұмырлақ, шалшық ұлу
226. Лимфа қызметі – 1)биология сүзгі; 2) аш ішек бүрлеріндегі майды сіңіреді 3) ұлпа сұйықтығын қанайналым жүйесіне қайтарады 4) лейкоциттерді түзеді 227. Макроэлементтер – C, N, O, H, S 228. Өсімдік суы сыртқа бөлінеді – жапырақ арқылы (су фотолизі), бұл реакция Роберт