г) Жеткізушілерге болған кредиторлық қарыздардан.Бұл опера-
циялар № 3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық бе-
решек» пассивті шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер
жеткізіп берушілерден келетіндіктен, шаруашылық операция № 3310
шоттың кредитінен № 1310—1315, 1317, 1330, 1420, 7210, 8010 шоттар-
дың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315 Келісімдер, шот-фактуралар,
1317, 1330 3310 жүкқұжаттар
1420
7210, 8010
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп
берушілер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.