Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет96/243
Дата22.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26137
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   243
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Өнімді (сату) өткізу бойынша шығындарға нелер кіреді?
2. Өнімнің өзіндік құнына олар енгізіле ме?
3.  Өткізілген  өнімнің  жеке  түрлері  арасында  өткізу  бойынша 
шығыстар қалай үлестіріледі?
4. Дайын өнімнің тиеу мен тасымалдау бойынша шығыстары қай 
шоттарға апарылады?
5. Бұл шот активті ме, пассивті ме?
48. Дайын өнім мен оны өткізудің есебі
 
Дайын өнім болып технологиялық процестің барлық кезеңдерінен 
өтіп,  бақылаушымен  қабылданып  және  қоймаға  тапсырылған 
өнім  саналады.  Өнімнің  өндірістен  қоймаға  тапсырылуы  акт  және 
жүкқұжат  арқылы  жасалады.  Дайын  өнімнің  синтетикалық  есебі 
үшін № 1320 «Дайын өнім» шоты пайдаланылады. Бұл — активті 
шот. Дебет бойынша қоймаға тапсырылған өнім бейнеленеді, кредиті 
— оның өндірістік өзіндік құны бойынша сатудан түскен ақшасы-
ның мөлшерімен салыстыру үшін № 7010 «Өткізілген өнімнің және 
көрсетілген  қызметтердің  өзіндік  құны»  шотына  шығыс  етіледі. 
Есеп нақты өндірістік өзіндік құн бойынша жүргізіледі.
Дайын  өнімнің  синтетикалық  есебімен  қатар,  оның  жеке  атау-
лары  бойынша  аналитикалық  есебі  ұйымдастырылуы  тиіс.  Соны-
мен, өнім түрлерінің қозғалысын есепті бағалар (жоспарлы өзіндік 
құн,  босату  бағалары  және  т.б.)  бойынша  бейнелеуге  болады. 
Өнімге  есепті  бағалар  кәсіпорынның  ағымдағы  қаржылық  жылға 
қабылданған есеп саясаты негізінде анықталады.


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет