Буын — бір сүйекпен екінші сүйекті жалғастыратын аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Тірі организмдерде Буын 3 түрлі рөл атқарады



бет4/9
Дата16.12.2022
өлшемі32,18 Kb.
#57678
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ұйқы безі - сыртқы секреторлық және ішкі секреторлық функциялары бар жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің ірі органы. Адамның ұйқы безі-бұл асқазанның артындағы іш қуысында орналасқан, он екі елі ішекке жақын орналасқан сұрғылт-қызғылт реңктің ұзартылған лобулярлы паренхималық мүшесі. Орган іш қуысының артқы қабырғасындағы жоғарғы бөлімде ретроперитонеальді кеңістікте жатыр, бел омыртқаларының I—II денелері деңгейінде көлденең орналасқан. Ересек адамның бездерінің ұзындығы — 14-22 см, ені — 3-9 см (бас аймағында), қалыңдығы — 2-3 см.органның массасы — шамамен 70-80 г.

  • Он екі елі ішек-бұл ұйқы безін қамтитын және іштің жоғарғы оң жағында орналасқан таға тәрізді ас қорыту жолдарының бастапқы бөлімі. Он екі елі ішекте ақуыздарды, көмірсулар мен майларды қорыту процестері жүреді.

  • Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі – ұлтабар деп аталады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық әскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады.

  • Тоқ ішек.Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бу йен деп аталады. Ол он жақтағы мықын тұсында орналасқан. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның сілемейлі қабыкшасында жарты ай пішінді ірі өрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар болады, олар ағзаға пайдалы. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды өсер етуі мүмкін. Сондықтан да дәрі-дәрмектерді) тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет