2.Түрлі бағытта төрттағандап еңбектеу. Қимылды ойын:
«Аттар »
Ойын шартымен таныстыру.
Балаларды мадақтау.
1. Жаратылыстану
Тақырыбы: Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін жабайы аңдар
Мақсаты:Туған өлкені мекендейтін жабайы аңдар туралы қарапайым түсініктер беру, олардың дене бөліктерін ажыратуға үйрету
Қолданылатын көрнекі құралдар:бейнетаспа,(арқар, барыс, саршұнақ, дала тасбақасы, қосаяқ, құлан суреттері); тау, далатабиғат көрінісіндегі жануарлар суреті.
Оқу қызметінің барысы:
1.Шаттық шеңбер Амансынба Алтын Күн!
Амансынба Жер Ана!
Амансынба достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
«Кім тез айтады» ойыны.
Балалар жыл мезгілін,апта күнін айтады.
2.Бейнетаспа. Қазақстан жері.-Балалар, біздің жеріміздің табиғатына қараңдаршы(таудың, даланың әдемі табиғат көрісінісі көрсетеледі).
Қазақстан жері туралы мағлумат беру.
Біздің жеріміз кең-байтақ. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу.Асқар тау,мөп-мөлдір көлдер,неше түрлі өсімдіктер өседі.Жан-жануарлардың алуан турі тіршілік етеді.