Циклограмма қыркүйек айы Мектепалды даярлық тобы


Сурет салу «Наурыз мерекесі»



бет160/214
Дата19.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69097
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   214
Сурет салу «Наурыз мерекесі»
Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, тағы басқа қағаздың түсіне сəйкес бояуларды таңдауға үйрету.Қоғамдағы, қоршаған ортадағы жағдайлар, мерекелер, адамдардың еңбегі, əн əуендері жəне тағы басқа сияқты күрделі емес сюжеттердісуретте көрсете білуге үйретуді жалғастыру
Дене шынықтыру
Өрмелеу
Гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыдан аттамай бір жəне бірнеше тəсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсуді үйретуді жалғастыру



Сауат ашу негіздері
Дыбыстарды ата. Буынға бөлейік. Сөйлем құрылымы
сөздердегі дыбыстарды ажыратуды, белгілі дыбысы бар сөздерді табуды жаттықтыру, сөздегі дыбыстың орнын анықтау; төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасау;екпін мəнерін анықтау Сурет салу арқылы ырғақты жекелеген элементтерді құрайтын қарапайым жиектерді сала білуге үйрету
Құрастыру
Жайлаудағы мереке
(Қағаз цилиндрлер)
Қағаз цилиндрлерден, оларды қосу əдісімен
жануарлардың, адамдардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі
күйлері мен қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға
біріктіруді қалыптастыру. Ұжымдық мазмұнды құрастыруға қозғау салу. Шығармашылық ойлауды жəне қиялдауды дамыту
Мүсіндеу «Наурыз келді далама»
Затқа қарап, ұсынылған жəне өз ойлары бойынша сəндік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Заттарды əсемдік элементтермен безендіру
Музыка
Дыбыс жоғарлығын ,контрасты емес ырғақты бейнелерді ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Шығарманы кіріспе , үзіндіден тануға баулу. Əнді көңілді , қуанышпен орындауға, ан ырғағына сəйкес қимыл бере білуге төсілдіру. Ұлттық билерді, қазіргі би ырғақтарын еркін орындар, өз варианттарын ойлап табуға қызықтыру. Музыкалық ойын арқылы балаларды шапшандылыққа баулу.
«Би үйренейік» вариативтік компонент
«Еркебұлан » биі 32-36 такт
Балаларға би қимылдарын музыка мазмұнына сәйкес орындауға үйрету. Шығармашылық, қабілеттерін дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет