Спиральді оқу бағдарламасы:
Оқу бағдарламасы спиральдік қағидатының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.
Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қолданылатын құжаттар:
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген).
Оқу бағдарламасы.
Оқу жоспары.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау өткізудің тәртібі (Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары).
Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
1/ ҚР МЖМБС білім алушылардың дайындық деңгейіне, білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне және оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.
ҚР МЖМБС:
2012 жылы:
білімге бағытталған білім беру моделі;
− «Нені оқытамыз?» сұрағы аясында өрбуі;
− оқу пәндері және ББД белгіленуі.
2015 жылы:
−нәтижеге бағытталған білім беру моделі;
− құндылықтарға бағдарлануы;
− «Не үшін оқимын?» сұрағы аясында өрбуі;
− күтілетін нәтиженің кең ауқымды дағдылар болуы.
ҚР МЖМБС құндылықтар тізімі:
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
Құрмет
Ынтымақтастық
Еңбек пен шығармашылық
Ашықтық
Өмір бойы білім алу
Құндылықтар:
Мектептегі білім берудің құндылықтары оқушылардың қабілеттерінде көрінуі керек:
жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлесін қосу;
мәдениеттер мен пікірлердің сан-алуандығын құрметтеу;
шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау;
көпшіл және жылы шырайлы болу;
әлеуметтік жауапкершілігі және жанашыр болу;
ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, кез-келген ортада, ұжымдық жұмыста коммуникативті болу;
өмір бойы білім алуға дайын болу.
2/ Оқу бағдарламасы
Оқу бағдарламасының құрылымы:
Түсіндірме жазба
1. Пәнді оқыту мақсаты мен міндеттері.
2. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер.
3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері.
4. Пәнінің мазмұнын ұйымдастыру:
Оқу жүктемесінің бөлінуі.
Оқу бағдарламасының мазмұны.
Оқыту мақсаттарының жүйесі.
Ұзақ мерзімді жоспар.
Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпаратты қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |