Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Тақырып 2: Сыныптан тыс оқу әдістемесі



бет71/123
Дата06.01.2022
өлшемі361,51 Kb.
#16256
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

Тақырып 2: Сыныптан тыс оқу әдістемесі

Жоспар:

1. Сыныптан тыс оқудың маңызы мен мақсаты.

2. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру.

3. Сыныптан тыс оқу барысындағы әдістемелік ұсыныстар.



Мақсаты: Сыныптан тыс оқудың маңызын және оның мақсатын ұғындыру, оны ұйымдастырудыңәдістемесінмеңгерту.
1. Сыныптан тыс оқудың маңызы мен мақсаты.

Мектепте әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады.



Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы – сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай болып өскендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс-әрекетіне еліктейді, солардан үлгі-өнеге алады, дүниетанымы кеңейе түседі. Сыныптан тыс оқудың мақсаты: балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттыру, оқу-жазуға үйретуді жетілдіре түсу. Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныптан тыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезеңде балалардың тілін, ақыл-ойын дамыту жұмыстары түрлі-түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады. «Әліппе» және «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем ерекшіліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кеіпкерлер іс-әрекетіне өзінше баға беруге жетіледі.

Міне, сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап – екінші ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлеммен, онда жасаушы адамдармен, мінез-құлқы, жан-сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса, мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла-тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға қызықтыруға міндетті.

Бағдарламалық материалға сай белгілі бір жазушының не ақынның шығармасын өткенде сол жазушы немесе ақын туралы балалардың білгілері келетіні даусыз. Сондықтан оқытушы олар туралы (Өмірбаяны, мекен-жайы, қайда еңбек етеді, қандай шығармалары бар, олардың қайсысын оқуға ұсыну керек) өзі алдын-ала дайындалып келуге міндетті. Осымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің үнемі есте сақтайтын нәрсесі – сыныптан тыс жұмыстың тіл дамыту мен байланысты екендігі. Себебі, оқу барысында балаларға түсініксіз сөздер, сөз тіркестер кездесуі мүмкін. Оларды түсіну үшін бала:

- Ата-анасын не аға-әпкелерінен көмек сұрасын;

- Өзі түсінуге тырыссын. Ол үшін

а) Берілген үзіндіні қайта-қайта оқысын;

б) Мәтінді толық оқып шығып, ой қорытсын.

Сыныптан тыс оқуға берілетін мәтіндегі қиын сөздерді, сөз тіркестерінмұғалім алдын-ала түсіндіріп жіберсін.

Міне сонда ған дүниетанымы кеңейеді, тілі мен ойы, ойлау қабілеті дамиды. Ал бұл балалардың ынтамен жұмыс істеуі дағдысын қалыптастыруда аса зор қызмет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет