Д. Серікбаев атындағы



бет2/6
Дата30.09.2022
өлшемі187,35 Kb.
#40915
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 зертханалық жұмыс

1. Моноклиндік – ; = = ; (гипс, мусковит, авгит).
2. Триклиндік – ; (плагиоклаздар, дистен).
3. Ромбылық – ; = = = (барит, күкірт, топаз).
4. Тригондық – а= ; = = (кальцит, кварц, турмалин).
5. Тетрагондық – а= ; = = = (халькопирит, рутил, циркон).
6. Гексагондық – а=в ; = = ; = (апатит, берилл, графит).
7. Кубтық – а=в=с ; = = = (алмас, пирит, галит, анартас).
Триклиндік, моноклиндік және ромбылық сингониялар төменгі деп аталады, өйткені оларда екі дәрежелік (L2) симметриялық өстен жоғарысы жоқ.
Тригондық, тетрагондық және гексагондық сингониялар ортаңғы деп аталады, олар тек қана бір жоғарғы дәрежелі симметриялық өске ие, L3, L4 немесе L6 сәйкес. Кубтық сингония бірнеше жоғарғы симметрия өсіне ие (L3 және L4), ол жоғарғы сингония деп аталады.
Табиғатта кристалдар 47 қарапайым пішіндер түрінде кездеседі. Әрбір сингония кристалдарына өздерінің белгілі бір қарапайым пішіндері тән. Қарапайым пішіндердің аттары грек тілінен шыққан. Грекше моно – бір, ди –екі, три – үш, тетра – төрт, пента – бес, гекса – алты, окта – сегіз, дека – он, додека – он екі, эдра – жақ, пинакс – тақтай, скаленос – қисық, трапеца – үстел, гониа – бұрыш, клинос – еңкіш.
Триклиндік сингония деп аталу себебі, оның қарапайым пішіндерінің кристаллографиялық үш өсінің үшеуі де бір-біріне тік емес, еңкіш келеді (грекше «три» – «үш» , «клин» – «еңкейту»). Мысалы, бұл сингонияға кіретін минералдар – плагиоклаздар, микроклин және т.б.
Моноклиндік сингония деп аталу себебі, мұның бір ғана өсі еңкіш келеді (грекше «моно» – «бір», «клин» – «еңкейту»), басқа екі өсі тік болады. Мысалы, ортоклаз, авгит, гипс.
Ромбылық сингонияға жататын кристалдардың көлденең қимасының пішіні көбінесе ромб түрінде болады. Мысалы, оливин, сурьма, барит.
Тетрагондық сингония жататын кристалдардың көлденең қимасы тең төрт бұрышты – шаршы болады. Мысалы, циркон.
Тригондық сингонияда кристалдың көлденең қимасы тең үшбұрыштық. Мысалы, кварц, кальцит.
Гексагондық сингонияда – алты бұрышты, яғни алты дәрежелі симметрия өсі бар кристалдар осыған жатады. Мысалы, апатит, нефелин, берилл.
Кубтық сингония деп аталуы, оның атынан ақ түсінікті. Осы кубтық сингонияда симметриялық мүшелері ең көп. Мысалы, ас тұзы, алмаз, анартастар, пирит.
Симметриялардың әрқайсысына тән қарапайым пішіндерді сингониялары бойынша шолып танысайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет