61
Мен сенің Жаратушың болғандықтан, қолдан пұт жасап, жердің
үстіндегіге де, жердің астындағыға да, судың ішіндегіге де табынба.
Жаратушының есімін кез келген жерде атама, өйткені бостан бос
Жаратушыны аузына алғандар жазасыз қалмайды...
Сенбі күнінің қасиетті екені әрдайым есіңде болсын. Аптада алты күнін-
де жұмыс істеп, сенбі күнді Жаратушыңа арна, өйткені Жаратушы алты күн
бойы осы әлемді жаратты, ал сенбі күні демалып, оны қасиетті күн жасады.
Жаратушы берген өмірің ұзақ әрі жақсы болу үшін әке-шешеңді
құрметте.
Адам өлтірме.
Зинақорлық жасама.
Ұрлық қылма.
Ешкімге жалған куә болма.
Ешкімнің үйіне, затына, мүлкіне, малына, жарына, құлына, күңіне
қызықпа».
Бұдан ертеректе әлемді топан судан құтқарған Ной (Нұх) пайғам-
барға бұдан былай адамдардың игілігі үшін 7 өсиет («Нұх пайғамбардың
ұлдарының жеті өсиеті») жіберілген.
Құдайдың жалғыз екендігіне се-
ну – пұтқа табынушылыққа ты йым
салу.
Жануарларды жәбірлеуге ты йым
салу – тірі жануарлардан кесіп
алынған етті жеуге тыйым салу.
Өмірге құрмет –
адам өлтіруге
тыйым салу.
Құдайға құлшылық
жасау – Құдайға тіл
тигізуге тыйым салу.
Әділ соттық жүйені
құру.
Отбасыға құр-
мет – зинақор-
лыққа тыйым
салу.
Достарыңызбен бөлісу: