Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет2/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Исламдағы бала тәрбиесі
Ұлт  мүшесі  әрбір  адам  бақытты  болса,  ұлт  бақытты, 
адамзат  дүниесінің  мүшесі  әрбір  ұлт  бақытты  бол-
са,  адамзат  дүниесі  бақытты.  Қысқасын  айтқанда, 
тәрбиеден мақсұт − адам деген атты құр жала қылып 
жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару».
Демек,  баланы  тәрбиелеудегі  мақсат  −  оны  жан-
жақты  кемелдендіріп,  қоғамға  пайдасы  тиетін  азамат 
етіп  қалыптастыру.  Осы  орайда,  Ислам  дінінің  ке-
мел  тәрбиеге  қосар  үлесі  зор.  Ал,  Исламдағы  тәрбие 
негіздерімен  танысуға  руханият  дамып  келе  жатқан 
бүгінгі күні толық мүмкіндік туып отыр. Исламда бала 
тәрбиесі  жігіттің  өзіне  қалыңдық  таңдау  сәтінен-ақ 
басталады.  Өйткені,  болашақ  ананың  ары  бар,  ақылы 
бар, ұятты, көргенді, діндар болуы ұрпақ тәрбиесіне өз 
әсерін тигізбей қоймайды. 
Исламда  жанұя  құрудағы  негізгі  мақсаттардың 
бірі – өмірге ұрпақ әкелу, иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу. 
Хадисте бұл турасында «Балаға әкенің берер ең жақсы 
сыйы − ол тәрбие» делінген.
Балаға көңіл аудару, өскенде жаны ізгілікке толы 
мұсылман, қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру 
–  үлкен  сауапты  істің  бірі.  Сондықтан  сүйікті 
пайғамбарымыз  Мұхаммед 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  ата-
аналарға: «Балаға бір мәрте көңіл бөліп, тәрбие беру − 
бір сағ
1
 көлемінде садақа бергеннен де жақсы»,
2
 «Кімде-
кім  жылаған  баланы  жұбатса,  Аллаһ  тағала  жан-
натта  оған  қалағанынша  сый-сияпат  береді»
3

  деп, 
1
  (бір сағ ─ 2120 граммға тең)
2
  Тирмизи, Бирр, 33.
3
  Дәйләми, Муснәдул-Фирдәус, II, 147-б.


6
Исламдағы бала тәрбиесі
балаға көңіл бөлудің сауап жағынан да артықшылығын 
ұқтырған. 
Шығыс  халықтарында  айтылатын  «Бала  қымбат 
болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл 
сөздің  мәні  терең.  Өйткені,  тәрбиелі  ұрпақ  −  ата-
ананың  мақтанышы,  елдің  ертеңі.  Кез  келген  халық-
тың  болашағы,  оның  өміршеңдігі  рухани  қайнардан 
сусындаған,  ұлттық  рухы  кемел,  жақсы  тәрбиеленген 
ұрпақтың қолында. Егер ұлт өз болашағын аманат етіп 
тапсыратын  текті,  саналы  ұрпақ  өсіре  алмаса,  оның 
келешегі бұлыңғыр тартпақ. Сөз жоқ, ұрпақ тәрбиесіне, 
ұлттың келешегіне ата-ана жауапты. Сондай-ақ баланың 
тар ойлы, жетесіз болып өсуіне, парықсыз қылық таны-
туына тәрбиешінің кінәланғаны тегін емес. Тіпті «Бала 
істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» де-
ген  Иран  елінің  мәтелі  де  осыдан  туған.  Сол  себепті 
ұрпағының  өзінен  оза  туғанын  қалаған  мұсылман 
халықтары  бала  тәрбиесіне  үлкен  жауапкершілікпен 
қараған. 
Халқымыздың  бір  ерекшелігі  −  тәрбиеге  үлкен 
мән беруінде. Өйткені, бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, 
ертегі,  аңыздары,  мақал-мәтелдері,  жыр-термелері, 
ойын-сауығы,  жұмбақтары  мен  жаңылтпаштары 
барлығы да айналып келіп тәрбиеге тірелген. 
Бірақ, өкініштісі, соңғы жылдары қазақ қоғамында 
да  ұлттық  тәрбие  жүйесі  қағажу  көріп,  тәрбиелік 
ырғағы  бұзылып,  бала  тәрбиесінің  тым  нашарлап 
кеткені  белгілі.  Оған  есірткі  мен  анашаға  тәуелділер, 
ішкілік пен темекіге әуестер, жасөспірімдер арасында 
бұзақылықтар мен қылмыстың өршіп кетуі т.б. дәлел. 
Себептер  де  аз  емес.  Көбіне  іскерге  қоймадағы  жүгі, 


7
Исламдағы бала тәрбиесі
саудагерге  сатқан  малы,  шенеунікке  шен-шекпенінің 
қымбат болуы, үй ішіндегі күйбең тіршіліктен шешенің 
қолының  бір  босамауы,  жұмысбастылықтан  әкенің 
уақыт  таппауы  т.б.  Қазіргі  уақытта  теледидардағы 
кино мен мультфильмдердің көбі атыс-шабыс, төбелес, 
қирату,  ұру,  сындыру,  күш  көрсетуге  негізделген.  Ал 
бұлалдың санасы әлі қалыптаса қоймаған балаға зиян-
ды екені айтпаса да түсінікті. 
Ұлыбританияда  теледидардың  әсері  жайын-
да  жазылған  2286  мақаланы  сараптағанда,  көптеген 
зерттеушілердің ортақ ой тоғыстырған тұсы – теледидар-
дан көрсетілетін қатігездік пен озбырлық әрекеттердің 
көрермендерге  де  жұғатындығы.  Бұл  жағдай,  әсіресе, 
бала санасына көбірек әсер қалдырады. Баланың теледи-
дардан не көрсе соны істейтіндігі, жағымды-жағымсыз 
қылық болсын өзіне үлгі ретінде қабылдап, соған қатты 
еліктейтіндігі байқалған. 
Америкада  8  жасынан  30  жасына  дейінгі 
адамдардың  өмірі  зерттелгенде,  жас  кезінен  ұрыс- 
төбелеске жақын бағдарламаларды көбірек көріп өскен 
адамдардың кейін өскенде де мейірімсіз, тасжүректеу 
келетіндігі,  қылмыс  істеуге  де  жақын  тұратындығы 
анықталған.  Сондай-ақ  олардың  өз  балаларын  сотқар 
қылып өсіретіндіктерімен қоймай оларға күштеп жаза 
беруге  де  дайын  тұратындықтары  байқалған.  Міне, 
бұлар  бала  тәрбиесінің  негізін  шайқалтатын  кері  іс-
әрекеттер  болып  табылады.  Бұл  сондай-ақ  егер  бала 
тәрбиесімен  саналы  түрде  айналыспасақ,  болашақта 
бізді үлкен қауіп-қатер күтіп тұрғанын ұқтырады. Бұл 
кереғарлықтардың қатарына дәстүрден қол үзгенімізді, 


8
Исламдағы бала тәрбиесі
дініміздегі  тәрбие  құндылықтарымен  жете  таныс 
болмағанымызды да қосыңыз. 
Біз  бүгін  осы  олқылықтың  орнын  толтыру 
мақсатында  «


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет