Хазіреті Әлидің пайғамбарымызбен қауышуы Хазіреті Әли Пайғамбардың тапсыруымен құрайыштардың Хазіреті
Мұхаммедке (с.а.у.) аманат еткен бағалы заттарын иелеріне таратып беру
үшін Меккеде қалып еді.
Өзіне жүктелген тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындаған соң
Хазіреті Мұхаммедтен үш күн кейін ол да жолға шыққан. Арып-ашып
үздіксіз жүріп отырған күйі Пайғамбарымызды Құба ауылында қуып жетті.
Көп жүргеннен аяқтары ісініп, табаны тілім-тілім болған бауырымен Хазіреті
Мұхаммед жылап көрісті. Құшақтасып, мауқын басқан соң Әли үшін Аллаһ
Тағалаға қол жайып, шипа тіледі де мүбәрак қолымен аяғын сылап, ісігін
айықтырды.
Аллаһ Расулы Құба ауылында он күн түнеп, бұл уақыт ішінде Құба
мешітінің құрылысын аяқтап, құтты мекенде намаз оқиды.
Бұған дейін де мұсылмандар тарапынан кішігірім мешіт салынғанмен,
Ислам жамағаты үшін тұңғыш тұрғызылған ғибадатхана осы Құба мешіті
саналады.
Гүлсім ибн Хидмның құрма кептіретін алқабында іргетасы қаланған
бұл мешіттің құрылысында Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) аянбай еңбек етті.
Кесектің ең ауырын, құрылысқа қажетті тақтайдың ең үлкенін көтеріп,
өзгелерге өнеге көрсетті. Бұл көрініске бейқам қарап қала алмаған сахабалар:
"Уа, Расулаллаһ! Өзіміз-ақ жасаймыз. Сен тек нұсқаушымыз бол", - деп
қанша айтса да, Пайғамбарымыз (с.а.у.) көнбей, мұсылмандардың қатарында
тер төгіп қызмет еткен. Аллаһ Расулының қажыр-қайраты, тақуасы,
батылдығы мен еңбекқорлығы мұсылмандарға өшпес өнеге болған. Бола
береді де...
Құба мешітінің маңызы Құба мешіті Ислам тарихында ерекше маңызға ие. Пайғамбардың өзі
бас болып құрылысына қатысқан, мүбәрак қолдарымен кірпішін қалаған бұл
ғибадатхана Құранда "Тақуа мешіті" деп бейнеленген.
Тәуба сүресінің 108-аятында Аллаһ Тағала бұл мешіт жайында былай
деген:
«(Мұхаммед!) Ол мешітте әсте намаз оқыма. Әу бастан-ақ