Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Мунафиқтарга қатысты түскен аят



Pdf көрінісі
бет165/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Мунафиқтарга қатысты түскен аят Мунафиктардың соғыс 
майданында Ислам армиясьшан бөлініп Мәдинаға кері қайтқанына қатысты 
төмендегі аят түсті: 
"Екі жақтың әскерлері бетпе-бет келген күні сіздерге келген 
қиындық та Аллаһтың әмірімен болды. Бұл Аллаһтың муминдерді 
бөліп, мунафиқтардың нақты білінуі үшін. 
Оларға "Келіңдер Аллаһ жолында шайқасыңдар, немесе (ең 
болмаса дұшпанның өздеріңе, отбасыларыңа зиян беруіне) тосқауыл 
қойыңдар делінді." "Біз шайқаса алатын болсақ, міндетті түрде 
арттарыңнан ерер едік",-деді. Олар ол күні иманнан гөрі күпірге жақын 
еді. Ауыздарымен жүректерінде жбқ нәрсені айтатын. Аллаһ олардың 
жасырған нәрселерін өте жақсы біледі". (Али Имран, 166-167) 


249
Мухайриқ Ислам әскері сапында 
Мухайриқ яһудилердің атақты ғалымы еді... Мәдинада байлығымен де 
аты шыққан. 
Аллаһ Елшісін өздерінің қасиетті кітаптарындағы сипаттары бойынша 
танитын. Бірақ қауымынан тартынып әрі ата дінінің әсерінен айыға 
алмағандықтан білгендерін ашық айтпайтын... Осылайша Ухуд согысына 
дейін жасырын жүрді... 
Пайғамбарымыз әскерлерімен Ухуд соғысына шыққан тұста шыдамы 
таусылған ол: 
"Уа, яһуди жамағаты! Уаллаһи, сендер Мұхаммедтің пайғамбар екенін, 
Оған көмектесуге міндетті, жауапты екендіктеріңді жақсы білесіңдер",-деді. 
Яһудилер: "Бүгін сенбі, басы артық ештеңеге алаңдай алмаймыз",-деп 
жауап берді. 
Олардан ізгілік шықпасына көзі жеткен Мухайриқ қылышы мен 
азығын алып туысқандарының біреуіне: 
"Егер алда-жалда бүгін өле кетсем, мал-мүлкімнің бәрі Мұхаммедтікі. 
Не істеймін десе өз еркі",-деп өсиет етіп, Ислам әскері қатарына қосылады. 
Шейіт болғанша ол мүшріктермен қырқысады. 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) ол туралы: "Мухайриқ -яһудилердің 
қайырлысы",- деген. 
Мухайриқтың өсиеті бойынша шейіт түскен соң Пайғамбарымызға 
оның Бисаб, Сафиа, Дәлал, Хусна, Ауаф, Бурқа және Мәшраба аталатын жеті 
бақшасы беріледі. 
Мухайриқтың мал-мүлкі түгелдей ортақ қорға аударылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет