Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет195/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Хазіреті Айша төркінінде 
Айша анамыз науқасынан мүлде айығып кеткен жоқ еді, бір күні Аллаһ 
Расулы отауына кіріп сәлем берді де зайыбының есімін атамастан: 
"Сырқатыңыз қалай?"-деді. 
Онан соң ләм-мим үндеген жоқ. Айша қатты ызаланып: 
"Уа, Расулалаь! Өмірімде мұнша қиналмап едім. Маған рұқсат етсең, 
төркініме барсам деп едім. Жағдайымды анам жасасын",- дейді. 
Пайғамбарымыз: "Баруыңа болады",- деп қасына қызметші қосып 
жібереді. Хазіреті Айша ата-анасына барып, өзі туралы өсектің анық-
қанығын білгісі келеді. Анасы ауру күйінде сүйретіліп келген қызына: 
"Жарығым-ау неге келдің?"- деді. 
Айша: "Анашым, жұрт мен жайлы неше түрлі әңгіме айтып жүрген 
көрінеді. Неге маған айтпадыңдар?"- дейді жыламсырап. 
Анасы сабырға шақырып: 
"Еш уайымдама қарағым, денсаулығыңды ойла. Сен сияқты сұлу 
әйелді, күйеуінің сүйіктісі болған әйелді өсектемегенде кімді өсектейді. 
Көптің ауызына қақпақ бола алмайсың, бұл тіршіліктің ағымы солай ғой",- 
дейді. 
"Әкем де хабардар ма?"-деп сұрайды Айша. 
"Иә". 


293
"Расулаллаһ ше?" 
"Ол да біледі". 
Айша қыстығып жылап жіберді. Әкесі Әбу Бәкір сол сәтте шатырда 
Құран оқып отырған. Қызының жылаған дауысын естіп түсті. 
"Не болды?"-деп сұрады. 
"Өзіне жабылған жаланы естіп келіпті",- дейді Үммү Руман. Хазіреті 
Әбу Бәкір де көзі жасқа толып, жылауға шақ қалады. Сол күні Айша анамыз 
таң атқанша кірпік ілмей өксумен болады. 
Пайғамбардың сахабаларымен кеңесі 
Айша анамыз туралы алып-қашпа әңгіме көпшілік арасында жайылып, 
гу-гу қызған тұстарда Пайғамбарымыз сырт көзге көрінбей үйінен 
шықпайды... 
Маңызды 
мәселеге 
қатысты 
уахи 
кешіккен 
сайын 
мазасызданып, ақыры асхабымен кеңескенді мақұл көреді. 
Хазіреті Омар: 
"Уа, Расулаллаһ! Аллаһ сақтасын! Айтылғандар сол күйі жала". 
Хазіреті Осман өз көзқарасын былайша білдірді: 
"Уа, Расулаллаһ! Ұлы Аллаһ үстінен адам аяғы баспасын, жер бетіндегі 
күл қоқыс түспесін деп көлеңкеңізді жерге түсіруден сақтайды. 
Намысыңызды неге таптатсын". 
"Уа, Расулаллаһ! Бір күні намаз қылдырып тұрып аяқ киіміңізді 
шештіңіз. Сізден көріп біз де шештік. Намаз біткен соң аяқ киімімізді 
шешуіміздің себебін сұрадыңыз. Біз де сізге ұйып жасағанымызды айттық. 
Сонда сіз "Таза болмағандықтан Жебірейіл маған аяқ киімімді шепгуге 
бұйрық берді" деген едіңіз. Осылайша аяқ киіміңізге нәжіс тигені, сол үшін 
шешуіңіз қажеттігі сізге әмірмен білдірілгенде ар-намысыңызға дақ түссе 
хабарсыз қалуыңыз мүмкін емес!"- деп Хазіреті Әли де өз ойын ашық айтты. 
Аллаһ Елшісі Айшаның қызметшісі Бәрираның да пікірін сұрады. 
Бәрира: "Уа, Расулаллаһ, сені хақ пайғамбар ретінде жіберген Аллаһқа 
ант етейін, мен ол хақында қайырдан басқа ештеңе білмеймін. Кемшілігін 
көрмедім, тек жас болғандықтан қамыр илеп отырып ұйықтап қалатын да, 
қамырға үйдегі қой ауыз салатын. Осыдан басқа нұқсанын көрсем көзім 
шықсын",-деді. 
Хазіреті Зейнеп пайғамбарымыздың ақ некелі әйелдері арасыда 
сұлулығы және пайғамбарымыздың қасындағы орны жөнінен өзін Хазіреті 
Айшамен тең көріп, ылғи іштей бәсекелес болған. Соған қарамастан осынау 
адал көңілді әйел Хазіреті Айша туралы өсекті естігенде тіпті де сенбеген. 
Расулаллаһ болған оқиға туралы ойын сұрағанда былай деп жауап берген: 
"Уаллаһи, мен естімегенімді есіттім деуден құлағымды, көрмегенімді 
көрдім деуден көзімді қорғаймын. Мен ол туралы қайыр мен жақсылықтан 
басқа ештеңе білмеймін". 
Негізінде Аллаһ Елшісі пәк зайыбы Айша туралы жұрттың айтқаны 
қып-қызыл жала екенін жақсы білетін. Тек осындай пасық пиғылмен 
жоспарлы 
түрде 
жайылған 
өсектің 
ауыздан-ауызға 
таралуы 


294
Пайғамбарымыздың көңіліне ауыр тиді. Сол себепті еріксіз Хазіреті Айшаға 
салқын қабақ танытқан. Мешіттегі хұтбасында бұл жайды ашық айтқан: 
"Уа, мұсылман жамағаты! Отбасыма қатысты жалған жаламен менің 
көңіліме жара салған адамға қарсы тұруға кім жәрдемші бола алады? Өйткені 
мен өз отбасымның қайырлы екенін білемін. Жалаға себеп қылып көрсеткен 
кісі (Сафуан ибни Муаттал) хақында да білетінім тек жақсылық". 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет