338
Екеуара сұрақ-жауаптан соң Гераклий тәржімашысы арқылы баянын
жеткізді:
"Егер Ол туралы айтқандарың рас болса, Оның хақ пайғамбар
екендігіне дау жоқ. Мен пайғамбардың келетінін білетінмін, бірақ араб
қауымынан шығар деп ойламаған едім", - деп келіп сөзін сабақтады.
"Егер Мұхаммедтің (с.а.у.) қасына жақын баруға мүмкіндік туса, бір
рет те болса жүздесу үшін жанымды салар едім. Жанында жүрсем аяқтарын
жууға қуана-қуана келісер едім. Оның (с.а.у.) билігі мына мен басып тұрған
топыраққа дейін жайылатынын ант ішіп айтамын", - деп бітірді.
Гераклийден мүлде мұндай сөздерді күтпеген Әбу Суфианның
таңданысында шек жоқ. Далаға атып шыққан ол жолдастарына:
"Мұхаммедтің даңқы шынымен жайылып барады. Рум билеушісінің өзі
үлкен басымен одан тайсалатынын байқатты", - деді.
Рум билеушісі Гераклий көптен күткен ақырзаман пайғамбарының
Мұхаммед (с.а.у.) екеніне нақты көзі жеткен соң халқына:
"Уа, халқым! Хазіреті Мұхаммедтің дініне бет бұрайық. Дүниеде де,
ақыретте де жақсылыққа бөленейік", - деп жар салды.
Алайда румдықтар билеушінің бұл үндеуіне наразылық білдірді. Ісінің
насырға шабарын түйсінген Гераклий онан ары тереңдемей, иманын құпия
сақтағанды мақұл көрді.
Достарыңызбен бөлісу: