Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет239/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

МУТА ШАЙҚАСЫ 
Хижреттің 8 жылы, жәмадиаләууал айы. Б.з.. 629 жылы. 
Пайғамбарымыз тек алып мемлекеттерді, олардың билеушілерін ғана 
Исламға шақырумен шектелмей, кішігірім басқаға бағынышты елдерге де 
елшілерін жіберді. Солардың бірі Бусраға (қазіргі Хауран аймағы) Харис ибн 
Үмәйірді жолдап, иман уағызын жүргізуді міндеттейді. Бусра ол кезде үлкен 
билік саналатын, билеушісі мен тұрғындары араб болғанмен, христиан дінін 
ұстанып, саяси жағынан Византияның қол астына қарайтын. 
Пайғамбарымыздың елшісі Харис Димашық елінің Бәлқа аймағындағы 
Мута елді мекеніне жеткенде Византия билеушілеріне қарасты әкім 
Шурахбил ибн Амрул Ғассани оны шақыртып, Хазіреті Харистің мұсылман 
елші екенін біле тұра оны айуандықпен өлтіреді. 
Елшісінің қандықол жауыздың қолынан қаза тапқанын естігенде 
ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) қатты қапаланады. Сахабалар да 
аза тұтады. Мұның себебі де бар еді, бұған дейін елшіге қол көтеру болмаған. 
Хазіреті Харис - Хазіреті Мұхаммедтің елшілерінен бірінші әрі соңғы 
шейіт. 


359
Оқиғаның қайғылы болуының мәні осында. Шурахбил айуандық 
әрекетімен тек Исламға деген қызғаныш-кегін паш етіп қоймай, 
мемлекетаралық «Елшіге тиісуге болмайды!» деген принципті де аяққа 
таптады. 
Аллаһ Елшісі шұғыл түрде 3000 әскерді жорыққа дайындайды. 
Қолбасы - Зәйд ибн Хариса. Расулаллаһ Зәйдті әскербасы етіп 
тағайындағанын жария етіп болған соң: 
"Егер Зәйд шейіт болса, байрақты Хазіреті Жағфар ибн Әбу Тәліп 
алсын! Ол да шейіт болса, Хазіреті Абдуллаһ ибн Рауаха қол бастасын! 
Абдуллаһқа зиян келсе, онда өздерің ақылдасып басшы тағайындаңдар!" - 
деп бұйырды. 
Сөздің астарлы мәнін ұғынып үйренген мұсылмандар жоғарыда 
айтылғанның дәл солай боларын түсініп: 
"Уа, Расулаллаһ! Бәрі де аман қалсын деп тілейміз", - дегенде 
Мұхаммед (с.а.у.) үндемеді. 
Аталған қолбасылардың қай-қайсы да соңғы жорықтары екенін 
Расулаллаһтың тылсымды түсіндірмесінен ұққан-ды. Сонда да ешбірі 
зәредей күмәнға ерік берместен, пайғамбардың әміріне бас иді. 
Иә, қаһарман сахабаларға өлім үрей емес-ті. Өйткені бұл өлім басқа 
өлімдерден өзгеше, тәтті әрі сәтті болуға тиіс. Аллаһ жолында құрбан болып, 
шейіттік шәрбатына қанудан артық бақыт болуы мүмкін бе сірә? Мақсат - 
Аллаһтың хақ жолын жалпы жұртқа тарату, көңіл қалауы - сол жолда сәтті 
сапарға - мәңгі тірлікке аттану. 
Сахабалардың бар арманы осы ғана. 
Әскер дайын. Расулаллаһ (с.а.у.) қолбасшы Зәйд ибн Харисаға ақ туды 
ұстатып тұрып: 
"Хариса ибн Үмәйірді өлтірген жерге дейін барып, жергілікті халыққа 
Исламды уағыздаңдар. Мойынсұнар болса одан артық бақ-дәулеттің керегі 
жоқ! Ал егер қабылдамай, қарсы шықса Аллаһқа сиынып шайқасыңдар", - 
деді. 
Осы бір ауыз сөзден-ақ мұсылмандардың кек алу үшін емес, ақиқатқа 
үндеу үшін, тура жолға шақыру мақсатымен жорыққа шыққанын аңғарамыз. 
Аллаһ Елшісі қалған сахабалармен бірге мужаһидтерді Уәда төбесіне 
дейін шығарып салды. Сондағы Расулаллаһтың ұсынысы: 
"Менің айтарым, Аллаһтың әмірлерін орындап, тыйым салғандарынан 
бойларыңды аулақ ұстандар! Бір-біріңе тек жақсылық жасағайсыңдар! Аллаһ 
жолында Аллаһтың атымен ұрысқа кіріңдер! Олжаға қиянат жасаушы 
болмаңдар! Серттен таюдан сақтаныңдар! Балаларды, әйелдер мен қария 
кісілерді өлтірмеңдер! Ағаш кесіп, өртеуші болмаңдар! Үйлерді қиратпаңдар! 
Барған жерлеріңде Насранилер (Христиандар) шіркеуінде халықтан бөлініп, 
ғибадатқа берілген адамдар болуы мүмкін. Оларға да тиісуші болмандар", - 
деді. Сонан соң Зәйд ибн Харисаға қарап: 
"Мүшрік дұшпанмен бетпе-бет келгенде оларға төмендегі үш жолдан 
біреуін таңдауды ұсын. Қайсыбіреуін таңдаса тиіспе. 


360
Оларға муһажирлер мекені - Мәдинаға көшуді ұсын. Ұсынысыңды 
қабылдаса, муһажирлердің құқығына ие болатынын білдір. 
Егер мұсылман болып, өз жерлерінде тұруды қаласа, көшпелі 
мұсылман арабтар сияқты үкімге мойынсұну қажеттігін жеткіз. Шайқастан 
түскен олжаға тек сол соғысқа қатысқандар ортақтасатынын айт. 
Мұсылмандықты қабылдамаса, салық төлесін. Бұған келіскендерге 
тиіспе. Оны да бермейміз дейтіндермен шайқас". 
Ұсыныс-тапсырмалардан соң Мұхаммед (с.а.у.) муһажирлермен қош 
айтысты. Шығарып салушы мұсылмандар да: 
"Қайда жүрсеңдер де Аллаһ бәле-жаладан сақтап, аман қауыштырсын", 
- деп тілек тілеп қала берді. 
Ислам әскері сапындағы шайыр Хазіреті Абдуллаһ ибн Рауаха: 
"Артымызда қалып бара жатқан ең қайырлы шығарып салушыға, ең 
жақсы Досқа жалынды сәлем!" - деп өлеңдетті. 
Мужаһидтер тебіреніп, толқып жүріп кетті. Қалың нөпірдің қақ 
алдында ақ байрақ желбіреп келеді. Шетсіз-шексіз шөл даланы жара 
ілгерілеген сарбаздар ұлы хақиқат үшін рухтарын пида етуге даяр. Жау да 
қарап жатсын ба, үш мың мұсылман қолының жорыққа аттанғаны 
Шурахбилге де тыңшылар арқылы жетеді. 
Шурахбил 
Гераклийге 
хабар 
жөнелтіп 
көмек 
сұрайды. 
Мұсылмандардың бетін қайтару мақсатымен інісі Сәдус бастаған бір топ 
әскерді Қура жазығында мужаһидтерді күтіп алуға аттандырады. Мумин 
жауынгерлер Сәдус пен оның сарбаздарын місе тұтпай, кездескен сәтте 
жайратып салады. Шурахбил іштей тартынып қалады. 
Не де болса, ә дегенде шайқастың өз пайдаларына шешілуі 
мужаһидтердің рухын көтереді. Қура жазығынан шығып көпкөрім жол алған 
Зәйд әскері Шам территориясына - Ма'ан мекеніне келген тұста Византия 
императоры Гераклий румдықтардан 100.000 әскер жасақтап, қаруын сайлап 
қарсы шыққаны жайында қатерлі хабар естіп іркіледі. 
Хазіреті Зәйд сарбаздарымен кеңескенде, басым көпшілігі ахуалды 
Хазіреті Расулаллаһқа білдіруді, жәрдемге әскер жіберуін немесе басқаша 
жөн сілтеуін өтінуді мақұлдайды. 
Жолдастарының пікірін тыңдап манадан үнсіз отырған шешен шайыр, 
қаһарман жауынгер Абдуллан ибн Рауаха орнынан тұрып: 
"Суыт хабар бізді шошытпауға тиіс. Қазір неден бас тартып 
тұрғандарыңды білесіз бе? Жан тәнімізбен қалап жолға шыққан - 
шейіттіктен. 
Біз соғысқанда ат-көлігімізге, қаруымызға, білек күшімізге сеніп 
шайқаспаймыз ғой, біз Аллаһ нәсіп еткен дін мен иманнан күш алып 
күресеміз. Тартынып, тайсалудың реті жоқ, нәтиже - я жеңіс, я болмаса 
шейіттік мәртебе. Алға, достар!" - деп батыл айтты. 
Сахаба жауынгерлерге қанат бітірген бұл сөздер құдды Рауахаұлы 
Абдуллаһтан емес, беймәлім әлемнен естілгендей. Иман мен жиһадтан қуат 
алған көңілдер серпіліп сала берді. 


361


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет