Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Шарананы сүтанаға беру салты



Pdf көрінісі
бет29/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Шарананы сүтанаға беру салты 
Меккенің ауа райы өте ыстық, жыл бойы шіліңгір аптап шыжып 
тұратын. Тыныс тарылтатын қала ауасы, әсіресе, жаңа туған сәбилер үшін 
қолайсыздау. Ал, даланың ауасы да, суы да әлдеқайда таза. Сахараны 
мекендейтін 
кейбір 
тайпалардың 
тілдері 
де 
тазалығын 
жоймаған, 
адамгершілік тұрғысынан да өзгелерден жоғары. Осы себептерге байланысты 
сол дәуірде құрайыштар ұрпағының денсаулығы мықты, тілі жатық, тәрбиелі 
болып өсуі үшін Меккеден ұзақтау шөл даланы жайлаған кейбір рулардың 
әйелдеріне балаларын беріп, ақы төлеп емізуді әдетке айналдырған. Кейде 


44
бала сәби шағынан бастап ержеткенше сүтанасының қасында қалатын. 
Жайлауды жайлайтын көптеген тайпа әйелдері Меккеден бала алып емізуді 
күнкөріс көзіне айналдырған. Әсіресе, Саад ибн Бәкір тайпасының әйелдері 
жылына бірнеше рет топ-тобымен Меккеге келіп, үй-үйді жағалап емізетін 
бала іздейтін. 
Саад ибн Бәкір тайпасы адамгершілігімен, ата салтты қадір тұтып, ана 
тілін қастерлеуімен ерекшеленетін. Сондықтан құрайыштықтар көбінесе 
жаңа туылған балаларын осы тайпаға аманат ететін. 
Кішкентай Мұхаммедті (с.а.у.) Суәйба есімді әйел емізіп жүрген тұста 
Саад әулетінің басына қара бұлт үйіріліп, бұрын-соңды болмаған 
құрғақшылықтан халық әбден қиналады. Құрғақшылықтың салдарынан елді 
жұт жайлап, тайпа халқы бейшара халге түседі. Азық-түлік таусылып, мал 
азып, сүт қат дүниеге айналған. Қиындықтан шығудың амалын қарастырған 
Саад ибн Бәкірліктердің әйелдері жиналып, емізетін бала іздеп, соның 
ақысына жүрек жалғар азық алмақ оймен Меккеге келеді. Келгендердің бәрі 
бірер сәбиді құшақтап, қуанып еліне қайтады. Жоқшылықтың зардабын 
тартқандықтан болса керек, кішкентай Мұхаммедті (с.а.у.) жетім болғаны 
үшін ешкімнің алғысы келмейді. Бәрінің ойы - жетімнен түсер пайда аз, 
көмек те болмашы. 
Меккеге жолдастарынан кешеуілдеп қалып, соңынан келген Халима 
есімді әйел күйеуі екеуі арық есектеріне кезек мініп әрең жеткенде емізерге 
бала қалмағанын көріп қатты қынжылады. Басқа әйелдер ауқатты 
отбасыларының нәрестелерін құшақтап мәре-сәре боп үйлеріне қайтқан 
шақта, байсалды да салиқалы, жүрегі мейірімге толы Халима Аллаһтың өзіне 
бұйыртқанынан бейхабар күйде уайымға шомып, қала көшелерін оңды-солды 
кезеді. Ұяңдық пен ибалылық есетін жүзінен шарасыздық аңғарылады. Әрлі-
берлі амалсыз аяңдап жүрген оған алдынан жылы жүзді қария кездесе кетеді. 
Бұл - пайғамбарымыздың атасы Әбдімүттәліп еді. Бір көргеннен-ақ олар бір-
бірінің дертіне дәрмен болардай жанарларымен ұғысты. Бірінші болып сөзге 
тартқан Әбдімүттәліп: 
- Сен қайдан келдің? - деді. 
- Саад тайпасынанмын. 
- Атың кім? 
- Халима. 
- Ғажап! Не деген үйлесімділік, саад пен хилм (Саад - бақыт, 
жақсылық. Хилм - жұмсақ мінезділік - Д.Ө.И.) қосылса, дүниенің қайыр-
берекеті де, ақыреттің ізет-құрметі де сонда болмақ, - деп күрсінді де: 
"Ей, Халима! Менің бір жетім немерем бар. Келген әйелдердің ешбірі 
оны алғысы келмеді. Саған аманат етейін, бәлкім шарананың құрметіне 
бақытқа, берекетке кенелерсің", - деді. 
Халима күтпеген ұсынысқа әу дегенде күмәндана қарады. Бірақ аулына 
бос қайтқысы да келмеген. Сондықтан іштей ұсынысты қабылдаса да 
күйеуімен ақылдаспақшы. Болған жайды жолдасына баяндап болып: 
"Мұнан басқа бала да жоқ. Неге екенін қайдам, жетім де болса бүйрегім 
осы балаға бұрып тұр. Алайық", - деді. 


45
Харис қашанғы салмақтылығына салып: 
"Жетімнің де өз нәсібі бар. Құдай деген жанбыз ғой, алсақ алайық", - 
деп келісе кетті. 
Екеуі Әбдімүттәліпке келіп келіскендіктерін айтады. Әбдімүттәліп 
Халиманы нұрлы да сырлы Хазіреті Әминаның қарапайым лашығына ертіп 
әкеледі. 
Халима сәбидің жанына келгенде өн бойы нұрға толы Хазіреті 
Мұхаммед (с.а.у.) биязы жүннен тоқылған құндаққа оралған күйі, жасыл 
көрпешенің үстінде ештеңеден бейхабар тәтті ұйқы құшағында. Бөлме ішін 
жайлаған сәбидің хош иісін сезбеу мүмкін емес. Халима бір көргеннен балаға 
іш тартып, қуанышын тілмен айтып жеткізе алмады. Емізетін нәресте таппай 
қиналып тұрғанда аяқ астынан мынадай сәбиге ие болу неткен бақыт! 
Халима шыдай алмай, баланың қасына жақын барып, көрпенің шетін 
жай ғана көтеріп, мақтадан мамық, сүттен ақ, гүл иісті қолынан, маңдайынан 
аналық мейіріммен иіскеп, сүйді. Сол сәтте сәби көзін ашып, Халимаға қарап 
күлімсіреді. Екі жақ келіскендей болды. 
Бірі - емізетін нәресте таба алмай мұңайған ана, екіншісі - ешкімнің 
алғысы келмеген нұр жетім... Сөйтіп, тағдырлар тоғысты... 
Нұр жетім - Пайғамбарымыз (с.а.у.) Халиманың құшағында. Қанша 
күннен бері суалып, бір тамшы сүт тамбаған омырау сәби еме бастағаннан-ақ 
тырсылдап, толды. Халиманың да, күйеуі Харистің де таңданысында шек 
жоқ. Халима ана мұнан былай қарай оң жағымен Мұхаммедті (с.а.у.), сол 
жағымен өз ұлы Абдуллаһты емізбек. 
Халима нұр жетімді құшағына алған күйі атасымен, анасымен 
қоштасып жолға шықты. Әмина ана сәбиінен жылай-жылай айырылып, 
Халимаға қайта-қайта тапсырды. 
Жолай ерлі-зайыптылар бір жерде түнейді. Таң алагеуімде Харис 
түйелерін саууға барады. Ғажапқа қараңыз, інгендердің бәрінің желіні 
тырсылдап, сүт шүмектеп ағып тұрады. Қуанғанынан Халимаға: 
"Сен алған нәрестенің мүбәрак, қайырлы екендігіне еш шүбәм 
қалмады", - деп дауыстайды. Халима да оны қостап "Менің де үмітім мол", - 
деді. 
Мекке артта қалған. Халима баяғы кәрі есегіне мініп, құшағына 
сүтбаласын алды. Есек алды-артына қарамай желе жөнелді. Жылдамдығында 
шек жоқ. Тіпті өзінен күн ілгері жолға шыққан әйелдерді қуып жетіп, басып 
озған сәтте артта қалғандар: 
"Ей, Халима, саған не болған? Бізді неге тастап барасың? Есегіңді 
ауыстырғансың-ау, сірә?" - деп шуылдасып қала берді. 
Есек, бәз баяғы есек болатын. Тек айырмашылығы, оның үстінде 
дүниенің сұлтаны кетіп бара жатқан-ды. Осынау игі құрметке ие болған 
жануар да ескі аяңын ұмытқан. 
Халима жолдастарына бұрылып: "Бұл сырды өзім де ұқпай келемін. Не 
де болса жақсылықтың бары рас", - деді. 
Алайда топ әйелден бірде-біреуі мәселенің астарын ұға қоймады. 


46
Мұның бәрі нұр жүзді нәрестенің келешектің пайғамбары екендігінің 
белгілері еді. 
Жолда осындай түсініксіз жайттарды бастарынан кешірген Халима мен 
Харис ауылдарына келіп жетеді. Сол күннен бастап болашақ ғаламның 
рақым пайғамбары Саад әулетінің ауылын мекендей бастайды. Ауылдың 
азғын ахуалын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Қайда қарасаң да 
көретінің-құрғақшылық, құнары қашқан топырақ, аштан бұратылған халық, 
көтерем мал, суы тартылған құдық. 
Тек бір ғана шаңырақтың берекеті асып-тасып төгіліп жатты. 
Мұхаммедті (с.а.у.) әкелген күннен бастап Харистің дастарханы нанға, өрісі 
малға толды. Жануарлары жайылымнан желіндері жер сызып қайтатын. 
Отбасының көңілі тоқ, уайымы жоқ. Өзгенің малы оттауға шөп таба алмай 
ыңыршағы айналып тұрса, бұлардыкі күннен күнге семіріп барады. Мұны 
көрген көрші-көлем бақташыларын қарғап-сіледі. 
"Елдің малы семіздіктен жарылғалы тұр, солардың барған жеріне қарай 
айдасаңдар қайтеді? Жоқ-жоқ дей бергеннен бірдеңе шыға ма?" 
Таңның атысы, күннің батысы еңбектенгендіктеріне қарамастан 
бақташылардың да еңбегі - еш, тұзы - сор. Қожайындарына қалай түсіндірсе 
де ештеңе шықпайтынын ұққан олар үндемей құтылуды жөн санайды. 
Алайда шопандар да, қожалары да Харистің малдарындағы өзгешелікті 
түсіне алмай әлек. Әлбетте, мәселенің астарында көпке беймәлім сыр бар-ды. 
Бұл себеп әзірге Халима мен оның күйеуінен басқаға жұмбақ. Келіп 
сұрағандарға Халима: 
"Мұның өріске де, шөпке де еш қатысы жоқ. Береке Меккеден қайтқан 
шақта басталды. Бұл да ұлы Раббымның бергені болар. Біз бергеніңе - береке 
деумен өмір сүріп жатқан жандармыз", - деп қана қоятын. 
Бақташылар оның айтқандарынан ештеңе түсінбеді. Дегенмен, 
таңданыстары орынды еді. Барша әлемдердің иесі Аллаһ Тағала өзінің ең 
сүйікті пендесі - Мұхаммедті (с.а.у.) бауырларына басып, ақ сүтін емізгені 
үшін Халиманың үйіне береке, көңілдеріне мереке сыйлаған. Халима мен 
Харис мұны іштей түйсінді. Нұр жүзді бүлдіршінге ерекше ілтипатпен 
қарады. Қараған жанның сұғынан сақтап, аялап бақты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет