Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Қандай  іс  болса  да  "иншаллаһ"  деместен,"  "мен  мұны  ертең



Pdf көрінісі
бет112/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   377
андай  іс  болса  да  "иншаллаһ"  деместен,"  "мен  мұны  ертең 

жасаймын" деме. 

Әлдеқалай  есіңнен  шығып  кетсе  де,  Раббыңды  еске  ал  және 

"Раббым  мені  туралық  жағынан  мұнан  да  дұрысына  жеткізер  деп 

үміттенемін" деп айт. 


 

136


Пайғамбарлар 

пайғамбары 

осы 

ескертуден 



соң 

ешқашан 


"иншаллаһсыз" әрекет етпеген. 

 

ХАЗІРЕТІ ОМАР - ҚЫРҚЫНШЫ МҰСЫЛМАН 

Хазіреті Мұхаммедтің пайғамбарлығының алтыншы жылы... 

Біздің эрамыздың 616 жылы. 

Ерлігімен  елге  мәлім  болған  Хамза  батырдың  мұсылмандықты 

қабылдауы,  артынша  бір  топ  мұсылманның  Хабашстанға  көшуі  құрайыш 

мүшріктеріне  үлкен  соққы  болды.  Күн  сайын  үрейлері  ұшып,  ертеңгі 

күндерін ойлап, қобалжыды. 

Бәрінің  ойы  біреу-ақ  болатын  -  Әбу  Тәліптің  асыранды  ұлы 

Мұхаммедтің көзін құртпай тірліктің мәні жоқ. 

Осы мәселені талқылау үшін қара пиғылды құрайыштар жиналып, ұзақ 

тартысты.  Ақыры ақылдаса келе, Әбу  Жәһилдің ұсынысы  қабылданды, яғни 

Мұхаммедті өлтіруге сөз байласты. 

Шешім қабылданды, ал енді  оны  жүзеге асыруды кім мойнына алмақ? 

Мұхаммедтің  (с.а.у.)  қорғаушылары  -  Хашим  руының  жігіттері  де  қарап 

қалмас, соңы қан дауына ұласып кетуі де ғажап емес. 

Мүшріктердің  үлкендер  жағы  өзара  даурығысып  отырғанда  олардың 

сөзін бөлген тағы да Әбу Жәһилдің даусы болды: 

"Мұхаммедті өлтірген адамға мен жүз қызыл және қара түйе, мынанша 

алтын, мынанша күміс, т.с.с. беремін", - деді ынталандыру мақсатымен. 

Жастар жағы бір сәт үнсіз қалды. Мұндай маңызды іске батылы барып, 

көп ішінен суырылып шығу оңай емес, әлбетте. Аз-кем үнсіздіктен соң "Мен 

дайынмын!" деп біреу саңқ етті. Жұрт дауыс шыққан жаққа жалт қарады. 

Мұны  айтқан  ұзын  бойлы,  еңгезердей  ірі  денелі,  анау-мынауға  дес 

бермейтін күштінің нақ өзі - Хаттаб ұлы Омар еді... 

Омардың  талай  қаһармандығына  куә  болған  жерлестері  қомпаңдап, 

қуанып қалды: 

"Ә,  бәсе,  жігіт  болсаң,  Омардай  бол.  Дұрыс,  дұрыс  сен  лайықсың 

осыған. Бүйтпесе Омар бола ма?" - десті. 

Омардың ойы - әңгімені ұзата бермей тікелей Мұхаммедті табу, сөйтіп 

шешімді орындау. 

Ол  айналасындағыларды  қабағының  астымен  қанталаған  көздерімен 

қатал шолып шықты да, Қағбаға бет түзеді. Қалыптасқан үрдіс бойынша қара 

тасты  бір  айналып  тауап  еткен  соң  Сафа  төбесін  бетке  алып,  Дарул-Әркам 

қайдасың деп жүріп кетті. 

Сыртынан  көрген  адам  оның  жүрісінен-ақ  маңызды  шаруаға 

асыққанын аңдар еді. Осылайша нық басып келе жатып, жолай туысы Ну'айм 

ибн  Абдуллаһты  кездестірді.  Ну'айм  мұсылмандықты  қабылдаған,  бірақ 

онысын жұрттан жасыратын. 

"Жол  болсын,  бауырым,  қабағың  қату,  жүзің  түтігіп  кетіпті.  Сонша 

қайда асығып барасың?" - деп сұрады Ну'айм. 

Омар ашықтан-ашық: 




 

137


"Әлгі  құрайыштың  арасына  іріткі  салып,  дінінен  безген  бейбақтың 

көзін жоймақшымын", - деді. 

Омардың сөзінен сескеніп, өн бойы тітіркеніп кеткен Ну'айм: 

"Уаллаһи-билләһи, 

қиын 

істі 


ойға 

алыпсың. 

Мұхаммедтің 

асхабы


Сахабалары,  Хазіреті  Мұхаммедті  көрген,  оған  иман  еткендер

  оның  қасынан  бір  елі 

шықпайды. Оңайлықпен сені жолата қоймас. Ал, өлтірдің делік. Сені жайыңа 

қоя  берер  деймісің?  Қалған  өміріңе  қауіп  төнеді  емес  пе?  Қолыңды  былғап 

қайтесің?" - деді. 

Ну'аймның айтқандарына ашу шақырған Омар: 

"Сен  де  соларға  болысып  кеткеннен  саумысың?  Не  мәймөңкелеп 

тұрсың?" - деді. 

"Ей, Омар, сен мені қайтесің, мықты болсаң, өз жақындарыңды тыйып-

жиып алсаңшы. Күйеу балаң, әрі немере інің Саид ибн Зәйд пен қарындасың 

мұсылмандықты  қабылдап,  Мұхаммедтің  дініне  кірді.  Алдымен  соларды 

жөнге салып алмайсың ба?" - деген  күтпеген жауапты естіген Омар, сенерін 

де сенбесін де білмей тұрып қалды... 

Сонан  соң  "Жұрт  не  демейді"  деген  кісіше  қолын  сілтеп  кете  барды. 

Бірақ  әлгінде  ғана  естігендері  құлағының  түбінен  жаңғырып,  ішін  кемірген 

күдікті жеңе алмаған күйі Омар оқыс бұрылып, қарындасы Фатиманың үйіне 

келеді. 

Ол  келген  кезде  иман  жолында  жанкештілік  танытып  жүрген 

майталман сахаба Хаббаб ибн Әрат Хазіреті Саид ибн Зәйдтің үйінде жуырда 

ғана түскен "Та-ха" сүресін оқып, мәнісін түсіндіріп отырған. 

Омар үйдің жанына келгенде іштегі дауысты естіп, құлақ түрді. Ештеңе 

ұқпаған  соң,  есікті  тарсылдата  бастады.  Ешкім  аша  қоймаған  соң  барынша 

күш  салып,  иығымен  есікті  итере-митере  кіріп  барды.  Көзі  қанталап,  ашуға 

булыққан оны көргенде күйеу баласы мен қарындасы үрпиісіп орындарынан 

тұрды. 

Үй  иесі  Фатима  есік  тарсылдағанда-ақ  келген  кісінің  бауыры  Омар 

екенін  сезген-ді.  Апыл-ғұпыл  оқып  отырған  Құран  парақтарын  жасырып 

үлгерген. Хаббаб та бір бұрышқа тығылып қалған... 

Омар қалшылдаған күйі: 

"Не оқып отыр едіңдер, ә?" - деп айқайлады. 

Күйеу баласы: 

"Ештеңе  де  оқыған  жоқпыз,  жай  әңгімелесіп  отырғанбыз",  -  дегенде 

Омар мүлдем қаны қайнап, бейкүнә Саидтің жағасына жармасты. 

"Ә-ә,  естігенім  рас  болды  ғой,  сендер  де  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  дініне 

мойынсұндыңдар, солай ма?" - деп күйеу баласын жерге жалпасынан түсірді. 

Фатима  жолдасына  араша  түсейін  деп  ұмтылғанда  мұрттай  ұшты.  Нанымын 

жасырудың еш мәні қалмағанын ұққан Хазіреті Фатима атып тұрып: 

"Не  істесең  де  өз  еркің,  ей,  Омар!  Біз  ерлі-зайыпты  екеуміз 

мұсылманбыз.  Аллаһқа,  оның  Расулына  иман  еттік",  -  деп  айқайлады.  Іле-

шала куәлік кәлимасын айтып, айтқандарын айғақтай түсті. 

Оқиға  аңдай  білгенге  ғибратқа  толы.  "Раббым  -  Аллаһ"  дегені  үшін 

туған  қарындасына  қол  көтеру  неткен  сұмдық?  Таяқ  жеп,  аузы-мұрны  дала- 




 

138


дала  болғанына  қарамастан  "Аллаһ  бір,  Мұхаммед  оның  елшісі"  деп,  дініне 

беріктігін айғақтау кез-келгеннің қолынан келер ме еді?! 

Қарындасына  қарап  тұрып  Омардың  жаны  ашып  кетті.  Өзінен-өзі 

жүрегі  жылып,  мейірімділігі  оянды.  Тізесінен  дәрмен  кетіп,  тұрған  жерінде 

отыра кетті. Біраздан соң өз-өзіне келіп: 

"Әкеліңдерші,  Мұхаммедке  (с.а.у.)  түскен  ғажайыпты  мен  де 

көрейін...", - деді. 

Хазіреті  Фатима  алғашқыда  сасып  қалды,  бауыры  Құранды  жыртып, 

немесе таптап тастаса ше? 

Мұны аңдаған Омар: "Қорықпа, әкел, ештеңе істемеймін", - деді. 

Құран жазылған қағазды тек іші-сырты таза адамдар ғана ұстауға тиіс. 

Ал, Омардың мүшрік екені әмбеге аян. Сондықтан ол таза саналмас еді. 

Хазіреті Фатима ағасына: 

"Сен  Аллаһқа  ортақ  қосқандардансың.  Құранды  тек  таза  адамдар  ғана 

ұстай алады. Ең болмаса бой дәретін алсаң", - деді. 

Омар  қарындасының  дегенін  орындады.  Жуынып  келген  соң  Хазіреті 

Фатима Құран беттерін асқан мұқияттылықпен алып, Омарға ұстатты. 

Хазіреті  Омар  есін  білгелі  хатшы  болатын,  оқу-жазудан  хабары  мол, 

сауатты адам еді. Қолындағы қағазды мүдірместен оқи бастады: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет