Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет159/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   377
Қысыр еткінің сүт беруі 

Ұзақты  күнге  жол  жүріп  шаршаған  жолаушылар  Құдайд  алқабына 

келгенде  Әбу  Ма'бад  деген  адамның  шатырына  ат  басын  тірейді.  Сол 

жердегілерден: 

"Құрма немесе басқа азық сатпайсыңдар ма?" - деп сұрайды. 

Отағасы Әбу Ма'бад үйінде жоқ болатын. Әйелі Атиқа: 

"Өкінішке қарай, ұсынар дәмге зәруміз", - деп жауап береді. 

Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  анадай  жерде  тұрған  ыңыршағы  айналған 

арық ешкіні меңзеп: 

"Сүті жоқ па ?" - деп сұрайды. 

Атиқа: 

"Сүт қайдан болсын о байғұста, өзі қысыр, түрі анау ғой", - деді. 

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 

"Рұқсат берсең, сауып көрейік", - деп, үй иесінен рұқсат сұрады. Өріске 

баруға жарамай қалған арық ешкіден ештеңе шықпасына сенімді түрде Атиқа 

қонақтың бетін қайтармау үшін ғана: 

"Көрем десеңдер, өздерің біліңдер, қолдарыңды қақпаймын", - деді. 

Пайғамбарымыз  ешкінің  жонынан  сипап,  бір  қолымен  желінін  ұстап 

"Бисмилләһир-рахманир-рахим" деп дұға етті де: 

"Енді ыдыс әкеліп сауып көріңізші", - деді үй иесіне қарап. 

Атиқа  абдыраған  күйі  түк  түсінбестен  үйінен  ыдыс  алып  шығып, 

ешкіні  сауа  бастады.  Қолы  желінге  тиген  сайын  өз  көзіне  өзі  сенбеді.  Ыдыс 

шөпілдеп  толған  соң  алдымен  үй  иесі,  сонан  соң  қонақтар  кезекпе-кезек 

қанғанша ішті. Сонан соң ешкіні тағы да сауып, сүтті Атиқаға берді. 

Жолаушылар  кеткен  соң  үйіне  келген  отағасы  Әбу  Ма'бад  ыдыс  толы 

сүтті көріп: 

"Мұны  қайдан  алдың?"  -  деп  сұрады  әйелінен.  Атиқа  болған  жайды 

түп-түгел баяндап шыққанда: 

"Түр тұлғасы қандай адам?" - деп сұрады күйеуі. 

"Орта бойлы, қою қара қасты, көзі мойылдай қап-қара, жүзі өте нұрлы", 

- деп сипаттаған әйеліне Әбу Ма'бад: 

"Құрайыштан  шыққан  пайғамбардың  нақ  өзі.  Егер  мен  үйде  болғанда 

оған иман келтіріп, бірге ере кетер едім", - деді. 

Расулаллаһ  кетерінде  үй  иесі  Атиқаға:  "Бұл  ешкіні  соймаңдар",  -  деп 

кеткен. 

Арадан көп уақыт өткенде Атиқа: 

"Расулаллаһ  мүбәрак  алақанымен  желінін  сипаған  сол  ешкі  Хазіреті 

Омардың  халифалығы  тұсында  Мәдинаға  көштің  он  сегізінші  жылында 

жұртты  жайлаған  қуаңшылықта  да  бір  үйлі  жанды  асырады.  Мал  тұрмақ 



 

189


адамдар жеуге азық таба алмай босып кеткенде ешкіміз екі мезгіл сүт беріп, 

несібемізді жалғайтын", - деп еске алған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет