Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет164/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   377
Құба мешітінің маңызы 

Құба  мешіті  Ислам  тарихында  ерекше  маңызға  ие.  Пайғамбардың  өзі 

бас болып құрылысына қатысқан, мүбәрак қолдарымен кірпішін қалаған бұл 

ғибадатхана Құранда "Тақуа мешіті" деп бейнеленген. 

Тәуба  сүресінің  108-аятында  Аллаһ  Тағала  бұл  мешіт  жайында  былай 

деген: 

«(Мұхаммед!)  Ол  мешітте  әсте  намаз  оқыма.  Әу  бастан-ақ 

тақуалық  негізінде  салынған  (Құба)  мешіті  намазға  тұруыңа  әбден 

лайық.  Онда  заттың  және  рухани  кірлерден  тазалануды  жанындай 

сүйетін адамдар бар. Аллаһ та тазаланғандарды сүйеді». 

Бұл  ғибадатханаға  Аллаһ  Расулы  ғұмыры  бойынша  әр  сенбі  сайын 

жаяу не көлікпен келіп зиярат етіп, ішінде намаз оқитын. 

Мұсылмандарға  да  барынша  тазарып  келіп,  Құба  мешітінде  намаз 

оқыған адамға Умра - кіші қажылық сауабы жазылатынын ескерткен. 



 

193


Ислам  жолындағы  кедергілер  ақырындап  жойылып,  иман  нұры 

шартарапқа  жайыла  бастаған  кезеңде  тұрғызылуының  өзі  Құба  ауылындағы 

мешіттің маңызын арттыра түсетіндей... 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет