Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Мәсінің үстіне мәсіх тарту



Pdf көрінісі
бет352/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   377
 

Мәсінің үстіне мәсіх тарту 

Тәбүк  жорығында  алғаш  рет  Пайғамбарымыз  дәрет  алғанда  мәсі 

үстінен  мәсіх  тартуға  рұқсат  береді.  Қонақтар  үшін  72  сағат  бойы  аяқтан 

мәсіні  шешпей  мәсіх  тартып  намаз  оқуға  рұқсат.  Басқаларға  бұның  мерзімі 

бір тәулік, яғни 24 сағат. 

 



 

390


Жаңбыр дұғасы 

Қырсықты  қойсаңшы,  тура  Хижрға  келгенде  жауынгерлердің  сулары 

таусылып,  әбден  әлекке  түседі.  Аңқасы  кеуіп,  әлі  құрып  құлағандар  да  аз 

болмайды. 

Сарбаздар  арасындағы  саусақпен  санарлық  мунафиқтар  тағы  да 

Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) кінәлап ала жөнеледі. 

Жеңіл  ауыздылары:  "Ау,  пайғамбарлығы  қане,  осынау  бәлекеттен 

құтқара  алмаса?"  -  деп  тілдерімен  түйреп  үлгереді.  Сыпсың  сөз  Хазіреті 

Мұхаммедке (с.а.у.) де жетеді. Пайғамбарымыз сахабалардың өтінішіне орай 

Аллаһтан жауын тілеп, дұға етеді. 

Соны  күтіп  тұрғандай-ақ  сіркірей  бастаған  жаңбыр  аздан  соң  нөсерге 

айналды. 

Пайғамбардың  дұға  -  тілегі  әрдайым  қабыл  болып  отырған. 

Муғжизалардың  мұсылмандардың  имандарының  күшеюінде  зор  рөлі 

болғаны шындық. 

Он тоғыз күн дегенде жол азабын артқа тастап Ислам армиясы Тәбүкке 

келіп жетеді. 

Бірақ  арып-ашып  келген  мұсылмандар  Византия  әскерінің  ізін  де  көре 

алмай  дал  болады.  Шығыс  Рум  императорлығы  әуелде  қоқиланып 

мұсылмандарды  жаншуды  ойлағанмен,  жеме-жемге  келгенде  батылдары 

жетпей айныған болатын. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет