Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет8/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   191
зеңдері. А., 1967, 17-бет) – деген пікір қазақ ғалымдарының негізгі 

ұстанымына айнала бастады.                                                                   

Одан кейін еуропалық және қазақ ғалымдарының зерттеулеріне сү-

йене отырып, қазақ әдебиетінің тарихы ары қарай тағы да он жылға 

тереңдеп, У-У111 ғасырлардағы Орхон, Енисей, Талас жазбаларына 

дейін созылды. Қазақ әдебиеті тарихының белгілі зерттеушісі профес-

сор Ханғали Сүйіншәлиевтің  1967 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің 

қалыптасу  кезеңдері»  атты  зерттеуінде  әдебиеттің  бастаулары  көне 

дәуірлерде жатқандығын айтса, тоқсаныншы жылдарда жарық көрген 

«Қазақ  әдебиетінің  тарихында»  У-У11  ғасырлардағы  сына  жазула-

рынан бастаған. Екі мыңыншы жылдары шыққан он томдықта қазақ 

әдебиетінің тарихын көне грек тарихшысы Герододоттың деректеріне 

сүйене отырып, біздің жыл санауымызға дейін үш мың жылдай бұрын 

өмір сүрген сақтардың қаһармандық дастандарынан бастаған ( Қазақ 



әдебиетінің тарихы. Он томдық. 2-том, Алматы, 2006, 17-бет).

Соңғы зерттеулерде қазақ әдебиетінің тарихы тереңдей түскен. И. 

Нұрахмет  қазақ  әдебиетінің  тарихына  қатысты  соңғы  зерттеулерге 

сүйене отырып, мүлдем жаңаша пікір білдіреді. Ол қазақ әдебиетінің 

тарихын Орхон-Енисей жазбаларынан емес, одан да арыдан бастауды 

ұсынады. Иманғазы «қытай деректерінде кездесетін сақ, ғұн, үйсін-

қаңлы,  түрік  патшалықтар  дәуірінің  әдебиетіне  тиісті  нұсқалар  мен 

басқа ұлттар тілінде жазылған әдеби үлгілер түркі халықтарына ортақ 

әдебиеттің бастау көздерінің бірі болып саналу керек» (Нұрахметұлы 

И.  Қазақ  әдебиетінің  төркіні  мен  тарихын  дәуірлеу  (Заманымызға 

дейінгі Х ғасырдан заманымыздың ХУ111 ғасырына дейін). Авторе-

ферат. 2005, 20-бет)—дейді.                                                                                                                          

Қазір  кейбір  зерттеушілер  қазақ  әдебиетінің  тарихын  біздің 

дәуірімізден бес мың жыл бұрынғы шумер ескерткіштеріндегі жазба-



31

лардан бастап жүр. Ал шумерлердің кезінде аса дамыған өркениетті 

ел болғандығын соңғы зерттеулер дәлелдеп отыр.               

Қазақ  әдебиетінің  тарихы  қай  кезден  басталады,  қазақ  хандығы 

құрылып,  жеке  ұлт,  мемлекет  болып,  тарих  сахнасына  шыққан  ХУ 

ғасырдан ба, әлде, қазақтың құрамына кірген ру-тайпалардың арыда 

жатқан терең тарихынан ба деген сауалдарға келгенде, әлі де түркілік 

тұрғыдан, қазаққа қатысы жағынан салыстыра отырып, ғылыми жағы-

нан зерттей, нақтылай  түсуді қажет ететін тұстары баршылық.                                                                        

Әдебиетті  дәуірлеу  жолдары.  Әдебиеттің  тарихын  жазу  барысын-

да, оны жасау жолдары қандай, оны дәуірлерге бөлгенде, қандай ұс-

танымдар  басшылыққа  алынады,  қандай  талаптар  қойылады    деген 

ыңғайдағы біраз сауалдар  туындайды. Қазір әдебиет тарихын дәуір-

леудің негізгі үш жолы белгілі:                                                                                                                  

1. Хронологиялық.                                                                                 

2.  Азаматтық тарихпен орайлас.                                                                   

3. Әдебиеттің өзіндік көркемдік дамуына қарай.                   

Осылардың ішінде көбірек қолданылып жүргені – алғашқы екеуі. 

Өйткені,  әдебиет  дегеніміз,  халық  тарихының  көркем  бейнесі,  бей-

нелі шежіресі. Сондықтан да халық бар жерде оның тарихы бар де-

сек, оның ажырамас бір бөлігі ретінде белгілі бір оқиғаның, болмаса 

қайраткердің өмірде болғандығын көркем бейнелеп, иллюстрациямен 

дәлелдей түсетін әдебиетінің болуы да – заңдылық.  Сол себептерден 

де  әдебиет тарихын дәуірлеуді  қолға алған кездерден бастап, оның 

шегараларын  жылдармен,  немесе  ғасырлармен    анықтап  отырған 

дәстүр  күні  бүгінге  дейін  жалғасып  келеді.  Мысалы,  Х.  Сүйіншә-

лиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (1967) іштей «Ерте 

дәуір  әдебиеті»  және  «Х1Х  ғасыр  әдебиетіне»  бөлінсе,  «Қазақ  әде-

биетінің тарихы» (1997) «Ежелгі әдебиет», «ХУ-ХУ111 ғасырларда-

ғы әдебиет», «ХУ111 ғасыр әдебиеті», «Х1Х ғасыр әдебиеті» болып, 

дәуірленген. Соңғы он томдықтың 4-ші томы «Х1Х ғасырдың бірінші 

жартысы (1800-1850)»,  5-ші томы «Х1Х ғасырдың екінші жартысы 

(1850-1900), 6-шы том «ХХ ғасырдың басы (1900-1916)» аталған.                                                                                               

Шуваш  әдебиетінің  тарихын  зерттеушілер  оны  бұлғар  (У111-

Х111ғғ.), Алтынорда–Қазан (Х1У-ХУ1ғғ.) және орыс мемлекетінің құ-

рамындағы (ХУ1-ХУ111) дәуірлерге бөлген (Қараңыз:Дореволюцион-

ная чувашская литература. Тексты. 1 том. Чубаксары, 1984, 464-бет).   

Орыс әдебиеттану ғылымы да әдебиет тарихын дәуірлерге бөлгенде, 

негізінен осы ұстанымды басшылыққа алып келе жатыр десек бола-

ды.  Мысалы,  КСРО  Ғылым  Академиясының  Ленинград  бөлімшесі 

шығарған төрт томдық «Орыс әдебиетінің тарихы» (История русской 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет