Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет130/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

158 


кездеседі.  Бұл  таңба  болса  кейінірек  Ұйғыр  қағандығын  (745-840  жж.)  құрған 

тайпалардың  Көктүрк  қағандығы  кезеңінде  ықпалды  тайпалар  болғандығын 

қуаттайды. Көктүрк бітіктастарында ұйғырлардың жиі-жиі кездесуі оны дәлелдей 

түседі.


Бұл  кезеңде  орталық  жерлері  Селенга  өзені  алқаптары  болған  ұйғырлар 

Өтүкен аймағынан солтүстікте мекендеген әрі Елтеберлік болып Көктүрктерге 

қосылады

241


.  Кейін  өз  қағандығын  құрған  ұйғырлар  әуелі  Орхон  мен  Тоғла 

өзендері  алқаптарында  көшіп  жүріп,  кейінірек  Ганьсу  өлкесінде  (Солтүстік-

Батыс Қытай), Шығыс Түркістанның Тұрпан аймағына қоныстанған.

Бірқатар ғалымдар ұйғыр атауының ұй- «бірдей болу, одақ құру, ізінен жүру» 

етістіктерінен құралғандығына қарап

242


, ұйғыр атауы белгілі бір тайпаға емес, 

тайпалар  одағына  қатысты  қолданылғандығын  айтады.  Негізінде  бұл  пікірдің 

шындық жағы болуымен қатар, ұйғырлардың әртүрлі кезеңдерде саны көп әрі 

күшті,  не  керісінше  түрлі  саяси  үдерістерге  қатысуы,  кейде  белгілі  бір  тайпа, 

кейде  тайпалар  одағы  болып  кездесуін  қарастыру  керек.  Көктүрктер  әсіресе 

Екінші  Түрк  қағандығы  кезеңінің  басында  ұйғыр  атауы  белгілі  бір  тайпа  үшін 

қолданылған және олардың саяси құрылымы басмыл, байырқы, қарлұқ, қытан, 

тоңра,  құрықан,  т.с.с.  тайпалармен  бірдей  болып,  күш  жағынан  қырғыз,  оғыз 

сынды  тайпалармен  салыстыруға  келмеді.  Көктүрк  жазуларында  олардың 

кейбіреуін билеген елтебер, ыдықұт атақты тайпа басшылары (ұйғыр, қарлұқ, 

басмыл) туралы айтылуы

243


 да бұл пікірді қуаттайды. 

Белгілі болғандай, бұл атақтар ол кезең көне түрк иерархиясындағы қаған, 



ябғу, шад атақтарынан төмен, еркін, тұтұқ, тұдұн атақтарынан біраз жоғары 

дәрежені  иеленді

244

.  Көне  түрк  қағандықтары  кезеңінде  болған  дәстүрге  сай 



«қағандық бұдұндар» мен «елтеберлік бұдындар» бар еді. Қағандыққа тәуелді 

тайпалар елтебер немесе еркін атақты тайпа басшылары арқылы басқарылды, 

алғашқысы  саны  жағынан  өте  көп  әрі  белгілі  бір  дәрежеде  тәуелсіз  (ең 

болмаса ішкі істерінде), соңғысы қатардағы тайпалардың басшылары ретінде 

қолданылды.  Күштірек  әрі  тәуелсіз  саясат  жүргізуді  қалаған  тайпалар  қаған 

атағы үшін күрескен. Бітіктастарда тәуелсіз болған қуатты оғыз, қырғыз, түргеш 

тайпаларының  қаған  атағымен  келуі  бұған  айғақ

245


.  Қытай  жылнамаларында 

Батыс  Түрк  қағандығының



  билеушісі  Тұн  ябғу-  қаған  (618-630  жж.)  өзіне 

бағынышты  әмірліктер  басшыларына  елтебер  (си-ли-фа)  атағын  беріп,  сол 

арқылы билігін нығайтқандығы жазылған

246


. Шынымен, Шаш (Ташкент), Соғды, 

241


 Абдураҳмонов, Рустамов, 1982, Б. 110‚ 130; Tekin, 2003, S. 75‚ 77.

242


Golden, 2002, S. 126

243


 User, 2009, S. 169, 260

244


 Taşağıl, 2003, S. 107.

245


 User, 2009, S. 158, 166

246


 Бичурин, 1950, С. 283; Taşağıl, 1995, S. 92.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет