Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет158/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

177 


Түркістан атауының VII ғасырда нақты құжаттарда жазылғанын байқаймыз. Сол 

себепті түрк дүниесін біріктіретін Түркістан атауы тарихи құжаттарда хатталғанға 

дейінгі қалыптасу кезеңі болғаны белгілі.

Жалпы,  Түркістан  атауының  «түрк»  сөзіне  «-стан»  деген  парсы  тіліне  тән 

қосымшаның  жалғануынан  пайда  болғаны,  ал  мағынасының  «Түрк  елі,  мекені, 

жері»  дегенді  білдіргені  мәлім.  Тарих  толқынындағы  түрк  мемлекеттерінің 

геосаяси жағдайына байланысты Түркістан топырағының аумағы да, шекаралары 

да түрліше өзгеріп отырды. Мысалы, көне қытай деректерінде Каспий теңізінен 

Көкнұрға дейінгі ұлан-байтақ аймақ белгіленсе, Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат 

ит-түрік»  еңбегінде:  «...бүкіл  түрк  елінің  шекарасы  Абискүн  (Каспий)  теңізінен 

айналып,  Рұм  елі  мен  Өзкенттен  Шынға  дейін  созылады»,  –  деп  көрсетті

340


Ғұламаның бұл шекарасын қазіргі межемен Қытайдан Византияға дейінгі үлкен 

территорияның Түркістанға тиесілі болды деп түсінеміз. 

Кейінгі зерттеулерде де көптеген шығыстанушы және түрктанушы ғалымдар 

Түркістанның  территориясына  қатысты  пікір  білдірген  болатын.  Белгілі 

шығыстанушы В.В. Бартольд: «Түркістан – Еуразия құрлығының орталық батыс 

бөлігіндегі үлкен территорияны алатын, бұрын Тұран немесе Түркістан аталған 

өлке»,  –  дей  келе,  оның  шекарасын  батысында  Орал,  Каспийден  басталып, 

шығысында  Алтайға  тіреледі,  оңтүстігінде  парсы  елі  мен  ауған  жерінен 

басталып,  солтүстігінде  Тобыл,  Том  губернияларына  жететіндігін  анықтайды

341



М.Қойгелдиев: «Батысында Орал тауының оңтүстік беткейі, Жайық, Орал өзені, 



Еділдің теңізге құяр сағасы, Каспий теңізі, солтүстігінде Ертіс өзені, шығысында 

Шығыс Түркістанның шығыс шегі, оңтүстігінде Хорасан және Копетдаг тауларының 

аралығын қамтиды» деп, Түркістан шекарасын нақтылауға тырысты

342


. Академик 

М. Қозыбаев: «Еуразияның батыс-орталық бөлігін жайлаған елді ежелден Тұран не 

болмаса Түркістан – түрк халқының елі дегені белгілі», – деп

343


, қастерлі атаудың 

тарихи жадыда сақталып келе жатқан мағынасын түсіндірді. Түркістан туралы ой 

толғаған тарихшылардың пікірлерін көптеп келтіре беруге болады. Барлығының 

түйіні – түрктердің отаным деп санаған ұлан-ғайыр жердің барлығы Түркістан деп 

саналып, оның құшағында бірлігі жарасқан түрк халықтарының рухы биік, еңсесі 

тік болады деп ұғынылғандығын түсіндіреді. Жоғарыдағы деректерден Түркістан – 

түрк халықтарының тұтастығын көрсететін географиялық, этностық, мәдени және 

саяси кеңістіктегі қасиетті аймақ болғанын көреміз.

Қай  дәуірлерде  болмасын  түрлі  геосаяси  өзгерістерге  қарамастан,  түрк 

халқы  мекен  еткен  жердің  түгелі  Түркістан  атымен  аталып,  жадыда  жатталды. 

Империялық  кезеңде  түрк  әлемінің  рухани  орталығы  саналған  –  Түркістан 

атауын санадан өшіру әрекеті кезең-кезеңімен іске асыры ла бастады. Түркістан 

340

 Қашқари, 1993. – 17 б.



341

 Бартольд, 1963. – 200 с. 510

342

 Қойгелдиев, 1997. – 7 б.



343

 Қозыбаев, 2001. – 369 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет