Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет168/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   407
    Бұл бет үшін навигация:
  • Бұмын
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

187 


Көктүрк қағандығы туралы Орхон жазбалары және қытай жылнамалары 

бастаған  Византия  (грек),  армян,  орта  парсы  (пехлеви),  соғды,  бактрия, 

тибет, араб, парсы дереккөздерінде көптеген деректер сақталған. Көктүрк 

қағандығы б.з. 552-744 жылдары билік құрған алғашқы Еуразиялық империя 

ретінде танылды. Əулет 551 (немесе 552) жылы Алтай тауларының оңтүстік-

батыс  етегінде  өмір  сүріп  жатқан  түрктердің  Ашина  әулетінен  ағайынды 

Bumun > 

Бұмын және Estemi > Естемі тарапынан құрылған. Бас билеуші 

«qaγan > қаған» лауазымында болған. Шекаралары Қиыр Шығыстан Қара 

теңіздің  солтүстігіне  дейін,  Оңтүстік  Сібірден  Хорасан  және  Солтүстік 

Үндістанға  дейін  созылған.  Қытай,  Византия  және  Сасанидттік  Иранмен 

Жібек  жолының  үстемдігі  үшін  жорықтар  мен  соғыстар  жүргізген.  Орта 

Азияның ондаған ру-тайпа көсемдерімен бірге Шығыс Түркістан, Əмудария-

Сырдария бойы, Хорасан және Үндістандағы 20-дан астам мемлекеттерді 

өзіне тәуелді етті. 

Қағандықты  басқару  орталықтары  Өтүкен  аймағы  (қазіргі  орталық 

Моңғолия), Суяб және Тараз (Жетісу), Ябғукент және Қатункент (Өзбекстан), 

Ак-Tағ және Бесбалық (Шығыс Түркістан) қалалары болған.

Көктүрк  қағандығы  Азия  Ғұн  империясынан  кейін  Орталық  Азияда 

құрылған екінші қуатты түрк мемлекеті болатын. Тарихта алғаш рет «Түрк» 

атауының,  политонимінің  мемлекет  атауы  ретінде  қолданылған  кезеңі  де 

осы  еді.  VІІ  ғасырдағы  армян  және  соғды  жазбалары  бойынша,  қағандық 

кезеңінде «Түркістан» атауы Еділ мен Хорасаннан Қытайға дейін созылған 

аймақтарға қолданыла бастады

363


. Яғни Көктүрк қағандығы кезеңінде Орта 

Азия және оның айнала аумақтары толығымен осы атаумен аталды.

Көктүрк  қағандығы  тарихында 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет