Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет285/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

297 


Жоңғарлардың  шерігі  шегірткедей  қаптап  келгенде  алдынан  шеп  құрып 

тойтарыс берген Əбілқайыр хан маңдайына жазыл ған сызығы түгесіліп, ақырғы 

шай қас қа  қатыса  алмай  өмірі  үзіліпті,  сон дық тан  баһадүр  қолбасшының  екі 

көкжал  ұлы  Нұралы  мен  Ералы  сұлтандар  әйгілі  ұрыс қа  қатысыпты

515

.  Олар 


сонау Оралдан Жеті суға шеру тартып он мың қолмен қазақ қосынының алапасын 

арттырыпты. Осы лай ша дүйім алты Алаштың басы қосыл ған ақырғы айқаста 

ата  жау дың  ордасы  талқандалып,  шаңырағы  шай  қалып,  Алаш тың  байрағы 

мәңгіге ас пан дапты. Аруақты бабалардың нар на мысы ұрпағын жебепті. 

Деректерге қарағанда жігерлі жас сұлтан, Əбілмәмбет ханның ұлы Əбіл пейіз 

алдыңғы шепте атой салып, жау ды жасытып майырыпты. Кейіннен Ала таудан 

Алтайға  дейінгі  кең-байтақ  ата жұртын  ойрат  қалдықтарынан  түбе гейлі  азат 

етіп қоймай шайқалған шаруа-тұр мысын оңалдыруға ерекше үлес қос қан бұл 

Əбілпейіз сұлтан бір жағынан Нұра лы сұлтанның қызын алған күйеу баласы еді. 

Нұралы мен Əбілпейіз сұлтандардың тізе қосып Сарыбелге жиналған жоңғар 

қосындарына соққы жасағаны белгілі қытайтанушы-ғалым Бахыт Еженханұлы 

аударған манж-цин деректерінде былайша таңбаланыпты «қазақтың Дәулетбай 

(Қабанбайдың інісі) батыры маған: «Біздің естуімізше, Батур-Обашы қызылша 

ауруынан қайтыс болған. Ал Қасақшира басқаратын ел түгелдей босқын болып 

кеткен. Тек Церен ғана Сарыбелге қашып кеткен

516


. Кіші жүздің Нұралы ханы мен 

оның інісі әскер бастап екі бағытпен олардың ізіне түсіп кетті» деп айтты» десе, 

келесі  деректе  Əбілпейіз  сұлтан  манж-цин  өкілдеріне  былай  депті:  «Церенге 

қазір 10 000-нан астам түтін қарасты... оларды түбегейлі құрт пасақ, біздің елге 

тыныштық  болмайды.  Оларды  түп-тұқиянымен  жоя  алмасақ,  тірі  қалғанын 

Яркент, Қашқар және бұрыттардың (қырғыз) жерлеріне  дейін қуып апарғанда 

ғана іс тәмамдалады. Біз бірлесе отырып былай деп шештік: Кіші жүз Ералы 

сұлтан 10 000-нан астам әскер бастап Шу жеріне барып, Орта жүздің Сары тоған 

батыры Ақтау-Ортаудан Кері бұлақ жеріне барып Қабанбаймен бас қосып, әрі 

қарай Церенді қуалап, көк темде қар еріген кезде кері оралатын болды»

517



1758 жылы 4-5 ақпанда Ералы баста ған Кіші жүз әскері Сарыбелге жетіп, сон-



дағы жоңғар-қалмақ қосынына шабуыл жасап, Чохор, Əңгідей және Бардамұттың 

әскерлерін  жояды.  Содан  Ералы  сұлтан  бастаған  қазақ  қолы  1758  жылдың 

ақпан-наурыз-сәуір айларына дейін Қастек асуында, Сарыбелде болған. Осы 

орайда  ержүрек  Ералы  сұлтанның  әлі  күнге  дейін  тарихымыздағы  лайықты 

орнын ала алмай келе жатқанын айтқан жөн.   Жоңғар-қалмақтар осыдан кейін 

Сары белден қаша бастаған. Церен шығыс тағы Талқы асуы арқылы Бұратала 

жеріне, одан Сәуір, Жайсан көлінің маңына, одан әрі Қалба тау асуы арқылы 

515


 Сулейменов., Моисеев, 1988, 58 с.

516


 Зәкенұлы, 2015, 255 б.

517


 Еженханұлы, 2013, 296 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет