Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет337/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

350 


ИСМАИЛ ГАСПЫРАЛЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН

Жәдитшілдік-жаңашылдық  ағымының  жолбасшысы,  патшалық  Ресейдегі 

түрк-мұсылман халықтарының рухани көсемі, ағартушы ұстазы болған Исмаил 

Гаспыралы  1891  жылы  Түркістандағы  білім  беруге  қатысты  пікірлерін  білдіру 

және оны жауапты адамдарға жеткізу мүмкіндігіне қол жеткізді. 1891 жылдың 

күзінде Ресей Ішкі Істер Министрлігі өз қызметкері Вашкевичтің араласуымен 

Гаспыралыдан  Қырымдағы  дін  және  білім  беру  ұйымдарының  жаңадан 

ұйымдастырылуы  туралы  жоба  дайындауды  сұрады.  Исмаил  Гаспыралы 

жәдитшілдік мектептерде ұсынған жобасының көшірмесін 1892 жылы Түркістан 

генерал-губернаторы Розенбахқа жіберді. 

Жобада Қырымдағы ескі мектеп пен медресе туралы сөз қозғаған Гаспыралы 

бұл жерлерде берілетін білімнің әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамулар 

кезеңінде  жеткіліксіз  болып  қалғаны,  халықтың  қажеттілігін  қанағаттандыра 

алмайтыны туралы айтты. Жобаның жалғасында осы мәселелерді қарастырып, 

мұның шешуші жолы жәдитшілік мектептер деп тапқанына бастапқыда халық 

риза  болмағанымен,  қабылдамағанымен,  6-айлық  курс  мерзімінен  кейін  бұл 

мектептерге  қызығушылықтың  артқанын,  нәтижесінде  Қырымда  30-ға  жуық 

жәдитшілдік  мектебі  ашылғанын  және  оқулық  «Хожа-и  Субянның»  төрт  мың 

дана болып басылғанын атап көрсетеді. 

Розенбах  жобаны  қарап  шығуды  кеңесшілері  Түркістан  Мұғалімдер 

семинариясының  директоры  Н.П.  Остроумов  пен  сол  аймақтың  маман 

шығыстанушысы  В.П.  Наливькинге  тапсырды.  Остроумов  берген  есебінде 

ресми  қызметі  мен  құқығы  жоқ,  орыс  емес  адамның  мұндай  мәселемен 

айналысуының  қауіпті  екендігін  ескертіп,  бұл  мәселенің  Ресей  Халықтық 

білім  беру  министрлігіне  тапсырылуына  баса  назар  аударды.  Сондай-ақ,  бұл 

мәселеде татар адамға сенудің қауіпті екендігін айтып өтті. Остроумов есебін 

былай аяқтады: «Ол (Гаспыралы) өзін Ресейдегі «Жас татарлар» партиясының 

жетекшісі деп есептеп, Түркістандықтарды да өз ықпалына алуды қалайды деп 

күмәнданамын. Қынжылатын бір жағдай – ол бұл арманына жету мүмкіндігіне 

ие  деңгейде.  Онымен  пікірлес  адамдар  Ташкентте  де  бар»

602

.  Шамамен 



Остроумовпен бір көзқараста болған Наливкин одан да көп айыптаулар келтіріп, 

былай  дейді:  «Түркістанда  қолданылған  білім  беру  саясаты  мәселесінде 

Гаспыралы сияқты адамның пікірлері қолдау тапса, орыс үкіметі үлкен өкініште 

қалады»


603

 . Наливкиннің пікірінше: «Гаспыралы сияқтылар өз ұлттарын қорғау 

үшін орыс мәдениетінің барлық құндылықтарын қолдануға тырысқан тұлғалар» 

604


 еді. 

602


 Edward J. Lazzerini, İsmail Bey Gaspirinskii and Muslim Modernism in Russia, 1878-1914, University of 

Washington, 1973, s. 31-32.

603

 M. Saray, Gaspıralı İsmail Bey’den Atatürk’e Türk Dünyasında Dil ve Kültür Birliği, İstanbul, 1993, s. 36.



604

 Edward J. Lazzerini, From Bakhcasarai to Buhara in 1893: İsmail Bey Gaspirinskii’s Jorney to Central 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет