Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет35/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

38 


Татпар қағанға арналған көне соғды, барахми жазулы бітіктасы. 

Татпар қағанға арналған ғұрыптық кешені. 582 ж.

Моңғолия, Арханғай аймағы, «Бугат» (Бұғыт) алқабы


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

39 


ӨРКЕНИЕТ ӨЛШЕМІ – ЖАЗУ

Жазу – халықтың тілі мен тарихын, танымы мен тағылымын, өткені мен 

бүгінін  келер  ұрпаққа  жеткізетін  өркениеттің  биік  өлшемі.  Қазақтың  классик 

жазушысы  Əбіш  Кекілбаев  та  «адамзаттың  ең  үлкен  жетістігі  –  жазу»  деп 

бағалаған  болатын.  Расында  да,  білім  мен  ғылым,  мәдениет  пен  дін  осы 

жазудың арқасында дамыды. Өркениетке жол ашқан жазу мәдениетінің пайда 

болуы  мен  оның  даму  жолдары  ұзақ  дәуірлерді  өткерді.  Қазіргі  қолданып 

жүрген барлық жазу үлгілерінің шығу тегі бір тамырдан бастау алады. Нақты 

айтқанда, ежелгі дәуірлерде адамдар өз ойлары мен іс-қимылдарын жеткізу 

үшін жартас, сүйек, ағаш, тері, саз балшық, тас және т.б. заттарға адам, күн, ай, 

жұлдыз, су, жануарлар мен қару-жарақ сияқты алуан түрлі бейнелерді қашап, 

жазудың  ілкі  формаларын  қалыптастырды.  Сондықтан  ежелгі  дәуірлердегі 

жартас  беттеріне  қашалған  түрлі  бейнелерді  адамзаттың  алғашқы  жазу 

нышандары десек те болады

64

. Бұл жазу үлгілерін ғылыми тілде фразограмма, 



логограмма, пиктограмма, идеограмма деп атайды

65

. Осылардың қатарындағы 



бейнелер  немесе  белгілер  арқылы  ақпаратты  толық  жеткізетін  жазудың  ең 

алғашқы түрі – «фразограмма». Бұл терминді америкалық тарихшы И.Гельб 

енгізген  болатын

66

.  Аталған  зерттеушіден  басқа  жазудың  пайда  болуы  мен 



даму  сатыларына  қатысты  іргелі  зерттеулер  Д.Дрингер,  Э.Добльхофер, 

В.А.Истрин, М.Коэн, Ч.Лоукотки, И.Фридрих, В.В.Струве, И.М.Дьяконов секілді 

ғалымдардың есімдерімен байланысты.

Фразограммалық  жазу  үлгісінен  кейін  таңбаларға  негізделген  жазудың 

«логограммалық»  түрі  пайда  болып,  оны  ең  алғаш  шумерлер  қолданды. 

Көптеген ғалымдар барлық жазу түрлері шумер жазуынан бастау алады деп 

тұжырымдайды

67

. Сонымен қатар, алтай тілдерін, оның ішінде байырғы түрк 



тілін шумер тілімен туыстас деп қарастыратын ғылыми пікірлер де кездеседі. 

Белгілі ғалым А. Аманжолов өз зерттеулерінде шумерлер мен көне түрктерге 

ортақ жиырмадан астам сөзді анықтағанын жазады

68

. Байырғы көшпелілердің 



жазу  өркениетін  қарастырғанда  олардың  қандай  тілде  сөйлегендерін  де 

ескергенміз  жөн.  Мәселен,  біз  қарастырып  отырған  көшпелілер  әлемі  ұзақ 

уақыт  бойы  этникалық  түзілу  кезеңдерінен  өтіп,  өзіндік  бітім-болмыстарын 

қалыптастырғаны  белгілі.  Сонымен  бірге,  этнолингвистикалық  сипаты  да 

бекемделіп,  әр  қауымның  өзіне  тән  тілдік  ерекшеліктері  айқындалды.  Атап 

64

  Аманжолов, 2008, 126 б. 



65

 Истрин, 1965, с. 37.

66

 Истрин, 1965, с. 37.



67

 Аманжолов, 2003.-278 с., Күдеринова, 2006, 13 б.

68

 Аманжолов, 2008, 278 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет