Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Басмашылдық қозғалысы мен ұлттық ұйымдар арасында



Pdf көрінісі
бет366/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   407
Басмашылдық қозғалысы мен ұлттық ұйымдар арасында  

қандай байланыс бар еді?

Орталықтың  әртүрлі  айыптауларына  қарамастан,  Тұрар  Рысқұлов  ұлт 

тағдыры  талқыға  түскен  шақта  бұғып  қала  алмады.  Ол  1920  жылы  қыркүйек 

айында  Бакуде  өткен  Шығыс  халықтары  құрылтайында  сөйлеген  сөзінде 

«Шығыста таза коммунистік төңкеріске иек артуға болмайды. Төңкеріс ұлттық 

және ұсақ буржуазиялық сипатта болып, уақыт өте келе халықтық қозғалысқа 

айналады. Шығыста жұмысшы табы әлсіз болғандықтан, халыққа буржуазиялық 

демократтар жетекшілік жасауы тиіс» деп атап көрсетеді. Тұрардың сөзін өзбек 

ұлтынан шыққан қайраткер тұлға Нарбутабеков қолдағанымен, жалпы құрылтай 

жұмысы большевиктердің бақылауында өтеді. Құрылтайға Тұрар Рысқұловпен 

бірге  барған  Зәки  Валидов,  өз  естеліктерінде  атақты  Əнуар  паша  қатысқан 

құрылтай жұмысынан кейін көп жайттың өзгергенін жазады. Құрылтай кезінде 

«Түрк коммунистік партиясының» жетекшісі Мұстафа Супхи Сойсаллыоғлымен 

жасырын  кездесу  өтеді.  Баку  құрылтайынан  кейін  көп  ұзамай  кезегімен  Зәки 

Валидов, Төреқұл Жанұзақов және Əнуар паша басмашылар сапына өтіп кетеді. 

Осылайша,  ұлт  зиялыларының  толығуымен  бірге,  Мұстафа  Шоқайдың 

сөзімен  айтқанда,  басмашылық  қозғалысының  екінші  кезеңі  басталды.  Ұлт-

азаттық қозғалысы кең ауқымды қамтыды. Басмашылық қозғалысына Османлы 

мемлекетінің  бас  қолбасшысы  және  Халифа-Сұлтанның  күйеу  баласы  Əнуар 

паша  келіп  қосылғаннан  кейін  мүлдем  жаңа  сипат  алды.  Түркістандық  ұлт 

зиялылары  Əнуар  пашаға  үлкен  үміт  артты.  Түркістан  халықтарының  ұлт-

азаттық күресі болып табылатын басмашылық қозғалысы жер-жердегі астыртын 

ұйымдармен байланыста болды. Мәселен, 1921 жылы ақпан айында башқұрт, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет