Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет388/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

394 


жалғасатын Ұлытау жері – кезінде Дешті Қыпшақ аталған Ұлы дала ның алтын 

ордасы.  Осы  төрт  қақпаның  тура  төрінде,  Сары арқаның  белінде  самұрығы 

самғаған, мәңгілік мұраты ай қын далған Астана төрт құбы ласы тең қазақ елінің 

ғана  емес,  түгел  түрктің  тегеурінді  байтағына  баланып  отыр.  Осының  бәрі 

шабыты шалқар Мағжан ақынның: «Көп түрк енші алып тарасқанда, қазаққа қара 

шаңырақ қалған жоқ па?» – деген сөздерінің шындыққа айналғанын айғақтайды. 

Айшықты  Астана  бүгінде  еліміздің  түкпір-түкпірінен  келген  өрендердің  басын 

қосып,  бағын  ашқан  Бақордасына,  жастардың  қаласына  айналып  отырғаны 

ақиқат.  Қазіргі  елорда  тұрғындары  мен  бүкіл  Қазақ стан  халқы  –  жасы  да, 

жасамысы да сәулет келбеті келіскен бас қаланы сөзсіз мақтаныш тұтады. 

Дегенмен  Астана  әлі  жас  қала  болғандықтан,  оның  көркіне  көрік  қосатын 

ғажап ғи ма рат тармен қатар, жас ұр  пақ тың рухын көтеретін, пат риоттық сезімін 

өсіретін, рухы на рух қосатын нысан  дар әлі де қажет-ақ. Осы орайда, Ел басы 

мақаласында: «...біз бі ріншіден, атақты тарихи тұл  ғаларымыз бен ола р дың же-

тіс тіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мү сін дер қойылатын «Ұлы 

даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық сая бағын ашуымыз 

керек» деп, өте өзекті мәселені алға тарт ты. Аталған саябақ Тұран ның тұ ғырлы 

тұлғаларын келешек ұрпаққа таныстыру, сол арқылы олардың бойында әлемдік 

өркениетке орасан зор үлес қосқан, тарихты жасаған ұлы лармен сабақтастық 

бар екен дігін ұғындыру тұрғысынан баға жетпес тәрбие құралына айналады деп 

пайымдаймыз. Өйткені біздің жастарымызға, келер ұрпаққа шамшырақ болатын, 

пір тұтатын брендтік тұлғалар керек. Бұл бір жағы байтағымызды түгел түрк ту 

көтеріп, тәу ететін киелі орынға, рухты мекенге айналдырады. Ата тарих, баһадүр 

баба, шежірелі эпос, қасиетті жерлер – ұрпаққа ұдайы күш беретін энергияның 

қуатты көзі. Мұны миф дейміз, кие дейміз, дәстүр сабақтастығы дейміз. Ұрпақ 

санасына «Ашина», «Ергенеқон», «Алып Ер Тоңға», «Қорқыт» секілді аңыздар 

таралып,  бүгінгі  ұрпақпен  үйлесімді  үндесіп,  түрк  тарихын  дүр  сілкінтіп  тұр. 

Мәселен,  Қорқыт  қаншама  алыс  жұрттарды  аралап  кеткен  қадым  заманның 

қария кейіпкері. Бірақ оның ардақты аты аталғанда Алтайдан Анадолыға дейінгі 

жайылған түрк жұртының жүре гі дір етіп, бір сәтте басы бірігіп, бауыр болатыны 

анық.  Сон дықтан  Елбасының  Ұлы  дала  фольклорына  назар  аударуы  көп 

түйткілдің күр меуін шешуге бағдар бола алады. Расында Ұлы даланың қаһар-

ман дық  тарихы  эпикалық  сананы,  ғажайып  дастандарды  тудырды.  Күңіреніп 

күн түбіне жортқан Күлтегінге ұран болған киелі көкжал бөрі бертінгі Сүйінбай 

жырында  бөрілі  байрақ  болып  көтеріледі,  Шалкиіз  жырау  мен  Мөңке  биде 

көкжалдарды  бастайтын  абадан  тұлғасында  сомдалады.  Осылайша  қасиетті 

ұғымдар алыс ғасырлардан жетсе де, бір-бірінен шалғай өңірлерде жыр ланса 

да үндес, сарындас. Міне, осы түрк кодындағы сабақ тастықтың сырын сақтаған 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет