Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет9/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

аумақтарында  исседондар,  батыс  аумақтарында  савроматтар,  солтүстік 



шығысында аримаспылар мекендеген. Ғалымдардың пайымдауынша, сақтарда 

түрк этногенезисінің бастаулары бар, олар ерте замандардан парсы және өзге 

тайпалармен көрші өмір сүрген. 

Ежелгі  грек  жазбаларында  б.з.д.  VII-III  ғғ.  Қазақстан  мен  Орталық  Азия 

өңірінде  мекендеген  «хаумаварга-сақтар»  (хаома  сусын  дайындаушылар), 

«тиграхауд-сақтар»  (шошақ  бөріктілер),  «тийа-парадарайа-сақтар»  (теңіздің 

арғы  жағындағылар),  «тиар  пара  согдам  сақтар»  (соғдының  арғы  жағындағы 

сақтар)  жайында  мәліметтер  хатталған.  Дәл  осы  мәліметтер  Ұлы  дала 

халықтарының арғы аталары туралы ілкі деректер болады. Байырғы түрктердің 

ата-бабалары  Орталық  Азияның  солтүстік  және  солтүстік-шығыс  аймақтарын 

мекендеген салт атты сақтар екені күмән туғызбайды. 

Б.з.б.  І  мыңжылдықтың  ортасына  таман  Алтай  тауларынан  Қара  теңіздің 

солтүстік жағалауына дейін созылып жатқан аумақта алғашқы саяси құрылым, 

яғни  байырғы  ел  –  Сақ  (Скиф)  тайпалық  одағы  жасақтаған  мемлекет  пайда 

болды.  Шығыс  дереккөздерінде  Сака,  батыс  дереккөздерінде  Скиф  ретінде 

белгілі бұл одақ Орталық Азия халықтарының Еуразия кеңістігіндегі ең алғашқы 

әскери-саяси жүйесі бар мемлекет болып құрылды. Сақтар б.з.б. VII-III ғасырлар 

арасында  Байкал  (Байкөл)  көлінен  бастап  Дунай  өзеніне  дейінгі  ұлан-байтақ 

аймақта  саяси-мәдени  құрылымын  қалыптастырды.  Олар  географиялық 

жағдайларға байланысты, отырықшы және көшпелі өмір салтын ұстанып, табиғи 

байлықты оңтайлы пайдалана білді. Сақтар әдетте шатырлы күймелерді әрі көлік, 

әрі баспана ретінде пайдаланды. Олардың кейбір тайпалары Қырым мен Азов 

теңізі аймақтарында егіншілік және саудамен айналысты. Аталмыш тайпалар 

одағының негізгі шаруашылығы туралы ежелгі грек жазбаларында былай дейді: 

«Скифтер – ат жалында өмір кешкен жауынгер халық. Олардың садақ, қалқан, 

қанжар-ақинақ сияқты қару-жарақтары мол, мал етімен қоректенеді, аң аулайды, 

егін екпейді, арбаларымен күркеде көшіп-қонып жүреді». 

Бұл деректерден сақ дәуірінде көшпелі мал шаруашылығы әсіресе жылқы 

мәдениетінің қарқынды дамығандығын, киіз үйлердің қолданыста болғандығын, 

арба  сынды  көліктерді  кеңінен  қолданғандығын  анық  көре  аламыз.  Əлбетте, 

мұның барлығы сақтардың ғұн, түрк секілді көшпелі жұрттардың арғы аталары 

болғандығын айқындай түседі. 

Сақтардың  қоғамдық  құрылысында  жоғары  билеушілері  бүкіл  тайпалық 

одақтарды  басқарды.  Тайпалық  одақтардың  билеушілері  көсемге  бағынды. 

Іргелі мемлекеттік мәселелерді шешу кезінде билік өкілдері, билері, батырлары, 

абыздары хан кеңесінде жиналып, бірге шешім шығаратын болса, сақ көсемдері 

соғыс  жариялау,  бейбіт  келісім  жасау,  елші  жіберу  секілді  дипломатиялық 

күрделі мәселелерді шешіп отырды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет