Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет19/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Әдебиеттер1,3,5,7,9, 11, 12,14,17,19,22,26,29,31. 
 
№ 14 дәріс тақырыбы:
Модернизм және постмодернизм 
теориясы
Дәріс тезисі: Философияда, әдебиетте модернизмнің туу 
кезеңі туралы пікірлер әр түрлі. Еуропаның қоғамдық 
ғылымдарында әсіресе философияда модернизмді Ф.Бекон, 
Р.Декарт, Дж.Локк есімдерімен тығыз байланыстырады. 
Модернизмнің ХХ ғасырда пайда болғаны туралы айтылып жүр. 
Ондай пікірлерді ұлттық әдебиеттанушыларымыздың тарапынан 
да байқауға болады. Модернизм тарихына азын-аулақ көз 
жүгіртсек, ол тек әдебиет емес, сондай-ақ кино, театр, музыка, 


42 
мүсін, сурет, дизайн, сәулет өнеріне де тиесілі екенін көреміз.
Модернизм – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы 
кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың 
жиынтық атауы. Модернизм негізінен философиялық ой 
толғамдардан қуат алады. Сол себепті еуропалықтар үшін бар 
өнердің өзегі һәм ұйытқысы философия болды. 
Модернизм – өнер қайраткерлерінің әлемдік қақтығыстарға, 
адамзат дамуындағы дағдарыстарға деген көзқарастарын білдірді. 
Ең алдымен, «modern» сөзі «қазіргі (жаңа) кезең» деген мағынаны 
білдіреді. Оның екі мәндік мағынасы бар: біріншісі қазіргі кезең 
«қазіргі кезең талабына сай», екіншісі модернге, яғни 
модернизмге. Өз кезегінде «модерн» терминімен мәдени 
құбылыстардың ауқымды тобы белгіленді. Тар мағынада, 
«модерн» ұғымы деп ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы көркем-әдебиеттік 
қозғалыс түсінілді. Ал кең мағынада «модерн» ұғымы Жаңа заман 
(Modernity) деп аталған белгілі бір дәуірге сәйкес келген тарихи 
кезеңді айқындайды. Бұл дәуір Антикалық және Ортағасыр 
дәуірінен кейін келді. Осы екі дәуірдің жиынтығы «Pre-
modernity» (модерналды) деп аталады. Модерн тарихи дәуір 
ретінде модернизм деп аталған ерекше философиялық және 
ғылыми көзқараспен сипатталады. Өкілдері – Бэкон, Декарт, 
Ньютон, Гегель, Маркс және т.б. Бұл көзқарастың негізгі идеясы 
– адамның ақыл-ойының әлемді нақты объективті заңдылықтарға 
бағынатын, біртұтас жүйе деп қарастыру мүмкіндігіне деген 
сенім, сондай-ақ табиғат пен қоғамның негізгі заңдылықтарын 
табу тарихи прогреске әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге 
әлемді соған сәйкес қайта құруға мүмкіндік береді деген сенім. 
Осылайша, модернизм өзінің теориясында адам абсолюттік 
білімге жетеді және жүзеге асырады дегенді атап көрсетті 
Осы күнде постмодернизмнің пайда болуымен қатар 
модернизмге баға беру мәселесі де түбегейлі түрде өзгерді. Егер 
ертерек кезеңдерде (1960-шы – 70-ші жж. басы) постмодернизм 
көбіне, ең алдымен, көркем өнер, әдеби және архитектуралық 
стилдермен байланысты болса (егер Х. Бертенске, И. Хассанға, 
Ч.Дженске ден қойсақ), көп ұзамай ол мәдениет пен қоғамның 
басқа да салаларына тарады. Модернизм постмодернизмді тек 
көркем өнердегі ағым ғана емес, белгілі бір мәдениеттің
қоғамның дамуындағы жеке тарихи кезең ретінде көрсетті. 


43 
Постмодернистер басты назарды өнерге аударып келсе де, олар 
өнердің қоғамдағы түбегейлі өзгерген мәртебесін негізге ала 
отырып, 
саясаттың 
эстетизациялануының 
және 
өнердің 
саясаттануының, «өнердің өмірге бет бұруын» (Бодриар), 
бұрындары «өнер» мен «өмірді», «мәдениет» пен «табиғатты», 
жасандылық пен табиғилықты бөліп келген шарттылықтардың 
бұзылуын зерттеді. 
Көзқарастар алуандығы модернизм мен постмодернизмнің 
қарым-қатынасы жайлы сауал қазіргі заманғы философияның 
және мәдениеттанудың әлі жүйеленіп бітпеген мәселелер екенінің 
көрсеткіші. Ал, жалпы «модерн» дәуірінен кейін өмірге келген 
«постмодерн» дәуірінің туу тарихы туралы да пікірталастар көп. 
Бүгінгі таңда дүниежүзілік әдебиеттануда, философияда
лингвистикада, мәдениетте және жалпы өнер атаулыда өзекті 
мәселе болып отырған «постмодернизм» ұғымы әдебиетке қашан 
енді және әлемде «постмодернистік» көзқарас қашан пайда 
болды, «постмодернизм» термині пайда болған кезде «модерн» 
мен «постмодерн» дәуірлерін бөлетін хронологиялық шекара 
қайда деген сауалдарға жауап берудің өзі қиындық тудыруда.
Зерттеушілердің көпшілігі «модерн» дәуірінің өткен күнге 
айналғанын, ал «постмодерн» өзінің құқығына қашан ие 
болғанын нақты белгілей алмай жүр. Ал, осыны анықтауды қажет 
ететін сұрақтарға жауаптардың көптігін және жүйесіз нұсқаларын 
жиі кездестіреміз. Тіпті, «постмодерн дәуірі мен постмодернизм 
кезеңін (М.Эпштейннің)» сөз етпей тұрып, «Модерн дәуірімен 
бірге модернизм идеялары да аяқталды ма» деген маңызды 
сауалдарға жауап беруде Еуропаның әдебиетті зерттеуші 
ғалымдарының ой-пікірлері де бір тоқтамға әлі де келе 
қоймағанын аңғарамыз.
Постмодернизм 1970-80 жылдары негізінен Батыс елдерінің 
мәдени-рухани өміріне қатысты айтылатын. Постмодернизмнің 
кешегі кеңестік елдер әдебиетіне байланысты сөз бола бастауы 
1990 жылдардың еншісіне тиеді. Бірақ постмодернизмнің 
тұжырымдамасы толық аяқталып, анықтамасы қалыптасып біткен 
деуге негіздер әлі жоқ. 
Зерттеуші 
Б.Майтанов 
Ғалым 
қазақ 
прозасындағы 
постмодернизмнің тұрақты орын теуіп ағымдық мән иелене 
бастауын ХХ ғасыр соңы және ХХІ ғасыр басында туған 


44 
шығармалармен тығыз байланыстырады. Атап айтқанда, 
Р. Мұқанова, А. Жақсылықов, А. Алтай, Д. Амантай, А. Ихсанов 
сынды жазушылардың шығармаларында жаңа поэтикалық 
өлшемдер анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет