ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету БАҚ-тың белсенді қызметінің
нәтижесі болып табылады.
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы қызметінің
тиімділігін арттыру мақсатында:
–
мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық ашықтығын және оған
азаматтар мен қоғамдық бақылау институттарының еркін қол жеткізуін
қамтамасыз ету;
–
қоғам мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін
іс-шаралар туралы хабардар болушылық деңгейін арттыру;
–
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелерін көрсетудегі рөлі мен олардың
қатысуын жоғарылату;
–
қазақстандық қоғамның қоғамдық бақылау органдарының
мемлекеттік органдардың жария есептерінде көрсетілетін мәліметтердің,
тікелей жұмсалатын бюджеттік қаражаттың анықтығы үшін
жауапкершілігін арттыру;
–
сыбайлас жемқорлық бойынша және бюджеттік қаражатты талан-
таражға салуға кінәлі адамдарды жазалай отырып, тергеп-тексеру
нәтижелерін міндетті түрде БАҚ-та жариялау арқылы жүйелі тергеп-
тексеру жүргізу қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа және
сыбайлас жемқорлық қатынастарына қарсы тиімді іс-қимылдың негізгі
шарттары:
–
барлық деңгейдегі басшылардың сыбайлас жемқорлықтың әрбір
жарияланған фактісі бойынша дереу ден қоюы (3 күн ішінде) және қатал
тыю шараларын қабылдауы;
–
сыбайлас жемқорлықтың қазіргі шынайы болмысының жіті
мәселелері мен проблемалары және сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүру
тәсілдерін іздеуге жәрдем көрсету бойынша қоғамдық пікірталас өткізу
және оны ұйымдастыруға жәрдемдесу;
–
мемлекеттік басқару органдары мен бизнестің қоғам мен қоғамдық
бақылау үшін ашықтық деңгейін жақсартуға және ұлғайтуға жәрдемдесу;
–
тиісті мемлекеттік қорғау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл мәселелерін жазатын кәсіби журналистерді оқыту және олардың
пулын қалыптастыру.
Осылайша мемлекеттік органдардың қоғаммен нақты өзара іс-
қимылы және ынтымақтастығы бұқаралық ақпарат құралдары жұмысы
тиімділігінің басты шарты болып табылады. Ал қоғамдық бақылау БАҚ-
тың тиімді қызметінің негізгі талабы екені анық.
Достарыңызбен бөлісу: