Дербес саласы


қосымшалары туралы мағлұмат берілсе, Қазан төңкерісіне дейінгі грамматикаларда сөзжасам



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата14.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#107420
1   2   3   4   5   6
қосымшалары туралы мағлұмат берілсе, Қазан төңкерісіне дейінгі грамматикаларда сөзжасам
тәсілдері (аффикстік және бірігу, қосарлану тәсілдері) туралы, ХХ ғасырдың І жартысында жарық
көрген еңбектерде сөзжасам морфологияда қарастырылып, түркі тілдерінде жаңа сөз жасаудың
жолдары (тәсілдері) одан әрі жалғасын тауып, жетілдіріліп отырды. Өткен ғасырдағы түркологиялық
еңбектерде бастамасы жасалған сөзжасам мәселелерінің жеке түркі тілдерінде арнайы зерттеле
бастауы 50 -ші жылдардан басталады. Жалпы, бұл кезеңдерде жазылған еңбектерде сөзжасам
мәселелері әр сөз табының аясында қарастырылып, онда сөзжасамдық аффикстер (өнімді, өнімсіз,
құнарлы, құнарсыз), сөзжасамдық тәсілдер (синтетикалық, аналитикалық, фонетикалық т.б.) одан
әрі жан-жақты зерттелді. 


 Ал, сөзжасамның өз алдына жеке сала ретінде өзіндік зерттеу нысаны мен оның басқа
салалардан ерекшелігінің зерттелуі А.А.Юлдашевтің, Э.В.Севортянның, Ф.А.Ганиевтің,
В.В.Виноградовтың, 
Г.О.Винокурдың, 
Е.С.Кубрякованың, 
Е.А.Земскаяның 
т.б.
еңбектерінде көрініс тапты. Қазақ тілінің сөзжасамына қатысты мәселелер ең алдымен
орыс зерттеушілері П.М.Мелиоранскийдің, В.В.Катаринскийдің, Н.И.Ильминскийдің
еңбектерінде (ХІХ ғ.) қарастырылып, алғаш рет сөз таптарының жұрнақтарын анықтау,
жұрнақтардың мағынасын ашу, олармен жасалған туынды түбірлерді айқындау сияқты
сөзжасам мәселелері сөз болды. Ал ана тілімізде бұл мәселенің қарастырылуы Ахмет
Байтұрсынұлының («Тіл – құрал»(1914 )), Қ.Жұбановтың («Қазақ тілінің грамматикасы»
(1936 )) еңбектерімен тығыз байланысты. Осы қазақ тіл білімінің бастау көздерінің
өзінде сөздердің тұлғасы, сөзжасамдық жұрнақтар, күрделі сөздер мәселесі көтерілгені


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет