Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет30/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Көмірсулардың  биосинтезі.  Жай  көмірсулар  фотосинтез  жəне  бактериялардағы 

хемосинтез жолымен атмосферадағы көмірқышқыл газын тотықтыру арқылы пайда болады. 

 

 

Жасыл  өсімдіктер  жəне  фотосинтездеуші  бактериялар  органикалық  заттардың 



біріншілік  синтезі  үшін  күн  сəулесінің  энергиясын  пайдаланады,  ол  химиялық  синтезге 

ыңғайлы  энергия  түріне  ауысады.  АДФ-тан  АТФ  синтезделуімен  біруақытта    тағыда  

маңызды  реакция  қатар  жүреді:  су  фотолизі  нəтижесінде  СО

2

–ні  тотықтыруға  жұмсалатын 



сутегі атомдарының босауы. СО

2

–ның одан əрі тотығуы, көмірқышқыл газдың рибулозо-1,5- 



дифосфатпен  байланысуы  фотосинтездің  қараңғылық  реакцияларында  жүзеге  асады.  Міне, 

осы кезде АТФ шығындалады. 

 

Автотрофты ағзалардағы көмірсудың біріншілік биосинтезінің нұсқасы мынадай: 



1.  Фотосинтездің жарық (световые) реакциялары: 

 

 



2.  Фотосинтездің қараңғылық (темновые) реакциялары: 


24 

 

 



 

 

Гетеротрофты    ағзалардың,    яғни    құрылымдық    бөліктерін    құру    үшін    дайын 



органикалық  заттарды  қолданатын  ағзалардың  біріншілік  биосинтез  қабілеті  жоқ,  бірақ 

оларды тағамдағы органикалық қосылыстарды қайта өңдеу арқылы (липид, ақуыз жəне т.б. 

ыдырауынан)  қалпына  келтіре  алады.  Бұл  қосылыстардың  жай  көмірсуларға  айналуындағы 

орталық звено - пирожүзім қышқылының түзілуі. 

Олигосахаридтер  биосинтезі  –  трансгликоздау  (трансгликозидирование)  реакциясы 

жолымен  іске  асады,  берілген  моносахаридке  гликолиз  қалдығы  екінші  моносахаридтің 

фосфорлық  эфирінен  беріледі  жəне  процесс  гликозилтрансферазаның  қатысуымен 

жылдамдайды. 

Полисахаридтер  биосинтезіде  трансгликоздау  жолымен  жүзеге  асады:  моносахарид 

тердің  фосфорлық  эфирлері  мен  олигосахаридтердің  қосылуы.  Полисахаридтер  биосинтезі 

процесінде 

моносахарид 

қалдықтарының 

берілу 


реакциясы 

сəйкес 


гликозилтрансферазалардың  қатысымен  жылдамдайды,  сондай-ақ  реакциялық  ортада 

полисахарид 

молекуласының 

аз 


мөлшері 

болуы 


қажет. 

Субстрат 

ретінде 

нуклеозиддифосфатсахар 

бола 

алады. 


Сол 

сияқты 


целлюлоза 

биосинтезінде 

гуанозиндифосфатглюкозаның қатысы міндетті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет