Дәріс- психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық МӘселелері


Психологиялық денсаулық көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата16.03.2023
өлшемі434,05 Kb.
#74871
1   2   3   4   5
 
Психологиялық денсаулық көрсеткіштері:
1. психикалық тепе-теңдік;
2. психиканың өзгермелі ортаға тез бейімделу мүмкіндігі;
3. айналаны дұрыс қабылдау және оған сәйкес саналы әрекет жасау;
4. мақсат қоя білу, жұмысқа қабілеттілік, белсенділік;
5. толыққанды отбасылық өмір, олар үшін жауапкершілік;
6. өзіне сенімділік, реніштерге берілмеу, жеке даралық;
7. мінез-құлықтың тәуелсіздігі мен табиғилығы;
8. мейірімді қатынас, өзін дұрыс бағалау. 
Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгейді көрсетуге болады:
1. Психофизиологиялық саулық деңгейі (орталық жүйке жүйесінің қызметімен
жағдайымен анықталады);
2. Жеке психологиялық саулық деңгейі (психикалық іс-әрекетінің жағдайымен, 
қызметімен анықталады);
3. Тұлғалық әлеуметтік саулық деңгейі (адам қажеттіліктері мен әлеуметтік орта 
талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады).
Адам психикасының әрбір деңгейінде норма мен аномалиялар көрсеткіштерінің 
өзіндік медициналық-психологиялық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі 
болатыны анық. Жағымсыз өзгерістердің бірінші, екінші және үшінші деңгейлерде де 
орын алуы мүмкін.
Психофизиологиялық саулық деңгейіндегі ауытқулар орталық жүйке жүйесінде 
де, перифериялық жүйелерде де (мигрень, невралгия, неврит, полиневрит) пайда 
болатын алуан түрлі жүйке аурулары түріне білінеді.
Жеке психологиясының саулық деңгейіндегі ауытқулар бірқатар психикалық 
ауруларды (қабылдау, ойлау, есте сақтау және тағы басқа қабілеттіліктерінде 
ауытқулар) тудырады.
Тұлғалық әлеуметтік саулық деңгейіндегі ауытқулар тұлғаның өзін қоршаған 
әлеуметтік ортамен қалыпты түрде өмір сүру бағытындағы ауытқуларға 
(нашақорлық, девианты мінез-құлық, қаңғыбастық және т.б.) әкеліп соғады. Адамның 
психикалық денсаулығын сақтау мен жетілдіруде еңбек ету әрекеттерінің тиімділігі, 
жан дүниесінің саулығы салауатты өмір салтын ұстану деп, яғни өз эмоцияларын 
басқара білуді қалыптастыру керек.
ХХ 
ғасырдағы 
психология 
антропологиямен, 
нейробиологиямен, 
нейрохимиямен, кибернетикамен, лингвистикамен байланысты зерттеу нәтижесінде 
ғылымдар терминологиясында психика саулығы ұғымына анықтама берілген. 
Адамның психикалық саулығы жайлы пікір оның дамуымен, генетикалық шығу тегі 
және мәдени ортасымен салыстырылады.
Кейбір адамдар қарым-қатынас жасауда қиналса, екіншілері — өзіндік таным мен 
өзіндік дамуында кедергіні сезінеді, ал үшіншілерінде – тұлғаның (көре алмаушылық, 


жаугершілік және тағы басқалар) және мінез-құлықтың (әр түрлі психологиялық 
тәуелділік) деструктивтік қасиеттері басым болады. Бұған көп мысалдар келтіруге 
болады. Мұның бәрі ауру емес, қалыпты тұлғаға тән болады, адамның осындай 
қиыншылықтарды жеңуіне психиатр емес, кәсіби психолог көмек бере алады.
Психологиялық денсаулықтың негізгі өлшемдері:
1. Өзгелермен қарым-қатынас жасай білу қабілеті. Бұл қарым-қатынастар 
сенімділікке және оң көзқарасқа негізделеді. Салауатты қарым-қатынастар тек 
өнімділікті сақтайды. Бұл сондай-ақ «экологиялық достық» – адамның өзі үшін 
ыңғайлы ортаны таңдауға қабілеттілігін қамтиды.
2. Қажеттілік және еңбекке қабілеттілік. Бұл кәсіби қызмет ғана емес
сонымен қатар шығармашылық жағынан қоғамға қосқан үлесі болып табылады. 
Адамның өз отбасы және қоғам үшін ақылға қонымды құнды нәрселерді 
жасауы адамның өзі үшін де маңызды.
3. Дербестік. Өз ісі мен таңдауына тәуелсіз болу және жауапкершілік.
4. Әдеп ережелерін сақтауӨмір сүруге бейімділіктегі ережелерді ұстану.
5. Эмоциялық тұрақтылық. Адамның өз эмоциясын басқара білуі.
6. Ақыл-ой қабілеті. Өмір сүру барысында салауатты өмір сүре алуы.
7. Өзін-өзі бағалау. Өзіне деген қарым-қатынасы.
Қазіргі заманғы психологияда психологиялық кеңес беру, психотерапия, 
психологиялық түзету, психологиялық зерттеудің технологиялары мен техникалары 
өте көп. Психологиялық саулық бойынша көмек көрсету барысына «пациент» деп 
емес, «клиент» деп қарау қажет.
Психологиялық денсаулықтың болуы бұл адамның әл-ауқаты, іс-әрекетке 
бейімділігі. Бұған сонымен қатар тамаша көңіл-күй, өзін және басқаларды қабылдау, 
шығармашылық, жауапкершілік, тәуелсіздік жатады. Екінші жағынан, жағымсыз 
эмоцияларға кедергі келтіретін жеке тұлғаның деструктивті көріністері бар, олар 
адамда жалпы наразылық, реніш, кінә сезімін тудырады.
Психикалық денсаулықты жақсарту ЕРЕЖЕЛЕРІ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет