Дәріс №1 Бұйымдарды және технологиялық процестерді стандарттаудың негізгі мақсаты мен принциптері


Стандартта құжаттардың келесідей түрлері бекітілген



бет25/29
Дата15.10.2023
өлшемі158,15 Kb.
#115188
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Д ріс №1 Б йымдарды ж не технологиялы процестерді стандарттауды

Стандартта құжаттардың келесідей түрлері бекітілген.
Маршрутты карта (МК) - технологиялық процестердің дайындалуын немесе өнімді жөндеу, материалдық және еңбек нормативтері, жабдықтарды белгілі бір технологиялық нұсқаулық бойынша реттілігі туралы технологиялық құжат.
Технологиялық процестер картасы (ТПК) - бір цехта технологиялық реттілігі бойынша және құрал-жабдықтар туралы көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес техпроцесті дайындау және өнімді жөндеуді сипаттайтын технологиялық құжат.
Егер техникалық процесс бұйымдарды жасаудың барлық маршрутын толық қамтыса, толығымен өңделмейтін МК-ні КТП толығымен алмастырады.
Эскиздер картасы (ЭК) - технологиялық процестер үшін, операциялар немесе өнімді жөнжеуге керекті нобайлар, сызбалар мен кестелері бар технологиялық құжат.
Технологиялық инструкция (ТИ) - технологиялық процестердің дайындалуы туралы немесе өнімді жөндеу сонымен қатар жұмысты сипаттайтын, технологиялық жабдықтаудың ережесі, жеке операциялар кезінде физикалық және химиялық құбылыстардың пайда болуын сипаттайтын технологиялық құжат.
Жинақтық карта (ЖК) - жиналатын жинақтық өнімнің жинақтық бірлік және материалдарына керекті бөлшектер туралы технологиялық құжат.
Жабдықтау ведомосі (ЖВ) - технологиялық процестерді толығымен технологиялық жабдықтау тізімі бар технологиялық құжат.
Технологиялық құжаттар ведомосі (ТҚВ) – өнімнің жөнделуі мен керекті құрамын анықтайтын және технологиялық құжаттардың жиынтығы бар технологиялық құжат.
Типті технологиялық процесстер картасы (ТТПК) - құрамында типті технологиялық процесті дайындалуы немесе бөлшек топтарының жөнделуін және нұсқаулығы бар операциялар технологиялық реттілігімен және технологиялық жабдықтар мен нормативті материалдар туралы жазылған технологиялық құжаттар.
Операционды карта (ОК) - құрамында технологиялық құжаттардың сипаттамасы ауысымдарымен көрсетілген және өңдеу режимдері мен технологиялық жабдықтаудың материалдары көрсетілген технологиялық құжаттар.
Типті операция картасы (ТОК) - құрамында типті технологиялық операцияның сипаттамасы бар, технологиялық құралдар жайлы мәлімет және керекті технологиялық өңдеу режимдері туралы жазылған технологиялық құжат.
Сондықтан ГОСТ-тарда көрсетілген құжаттарға қарағанда ТҚБЖ құжаттарының аздаған мөлшері ғана кірді.
ТҚБЖ стандарты бойынша құжаттардың жалпы және арнайы формалары бекітілген.
Жалпы белгіленген құжаттарға – әртүрлі жұмыстарға арналған жалпы құжаттар жатады, арнайы белгіленген құжаттарға – технологиялық процесстерге және әртүрлі арнайы мамандандырылған құжаттар жатады.
ТҚБЖ-ға кіретін стандарттар қандай талартарға жауап береді:
- ТҚБЖ стандарттарымен мұрагерлікті қамтамасыз ету;
- Есептегіш техника көмегімен құжаттарды өңдеу және толтыру мүмкіндіктері; 
- Құжаттардың өзгертілуі және еңбек сыйымдылығын өңделуі мен көлемінің төмендеуі, бекітудің унификация реті; 
- Типті технологиялық процестерді кең қолдануға негіздеу; 
- Құжаттарға ережелерді енгізу.
ЕСТД - ға сәйкес рәсімдеу процедурасы және технологиялық құжаттамаларды бекіту жеңілдеді, себебі 5 - 7 қолдың орнына тек қана 2 негізгі өңдеуші мен бақылаушының ғана қолдары қойылады.
Құжаттарда технологқа керекті барлық еңбекке қатыст нормативті ақпараттар бекітілген, бұрын технологиялық құжаттар көп және жинастырылмағандықтан жұмыс жүргізу ретін бас технологтан немесе бас металлургтан сұрайтын.
ЕСТД технологиялық өндiрiстi дайындаудың жақсаруына көмектеседі, олардың жауапкершілігін жоғарлатады және технологиялық қызмет пен жұмыс тиімділігін жақсартады, технологиялық құжаттамалардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылуымен қамтамасыз етеді.
Машина жасау және құрал жасаудың барлық салаларындағы ЕСТД-нің барлық машина жасаудың салаларына және құралдарды құрастыруына енуі жалпы өндірістің тиімділігін арттырды, технологиялық өңдеудің деңгейін айтарлықтай жоғарлатты,өндірілетін өнімнің сапасының жақсаруына және еңбек өнімділігінің жоғарлауына әсер етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет