Дәріс №1. Тақырыбы: Аналитикалық химия пәні, дамуы және оның басқа ғылымдармен байланысы. Сапалық анализдің теориялық негіздері


Реакциялардың өздеріне тән ерекшеліктері



бет5/5
Дата05.10.2022
өлшемі22,74 Kb.
#41484
1   2   3   4   5
Реакциялардың өздеріне тән ерекшеліктері. Сапалық анализде қолданылатын анализдік реактивтер топтық, селективті (таңдамалы), спецификалық (ерекше) болып бөлінеді.
Элементтер тобына әсер ететін реагент топтық реагент деп аталады.
Бірнеше элементтер қатысында белгілі бір жағдайда бір ғана элементті анықтауға қолданылатын реагент спецификалық (ерекше) деп аталады. Реакцияның спецификалылығы тек реагенттің өзіне тән ерекшелігіне ғана байланысты емес, сондай-ақ реакцияның бағытына тәуелді болатын ортаға және өнімді түзетін құрамға байланысты. Ортаны өзгерту арқылы реакцияны тек бір элементке спецификалық реакция етіп ауыстыруға да болады.
Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

  1. Анализдік реакциялар деген не?

  2. Құрғақ және дымқыл талдау дегеніміз не?

  3. Жүйелік анализ, топтық реагент дегеніміз не?

  4. Реакцияның сезімталдығы деген не?

  5. Микрокристаллоскопиялық анализ қалай жүзеге асырылады?

Нег.әдебиет: 1§2,3 (17-21 б.), 1§1,11 (104-125 б.).
Қос.әдебиет: 3 (5-11 б.), 3 (56-61 б.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет