Дәріс №1 Тақырыбы


Басқаңқасыздар тип тармағы



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата07.01.2022
өлшемі392,46 Kb.
#19457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Басқаңқасыздар тип тармағы 

Бұл  тип  тармағына  бас  хордалылар  деп  аталатын  бір  ғана  класы 

жатады.  Бұлардың  хордалары  нерв  түтігінен  ұзынырақ  алға  қарай  шығып 

тұратын  болғандықтан  басхордалылар  деп  аталған.  Бұл  кластың  негізгі 

ерекшеліктері  -  басы  денесінен  айқын  бөлінбеген.  Сезім  мүшелері  нашар 

дамыған.  Бас  миы  деп  нерв  түтігінің  алғашқы  бөлімін  атағанымен  де  оны 

қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы қаңқа қызметін 

атқарады. 

Ланцетник  -  бассүйексіздердің  өкілі.  Бассүйексіздер-мейілінше 

қарапайым,  бірақ  хордалылардың  барлық  қасиеті  сақталған  сан  жағынан 

аздау  (шамамен  20  түрі  бар)  теңіз  жануарлары.  Бассүйексіздердің  ішінде 

ғылымға  белгілі  өкілі  ланцетник.  Ланцетниктің  ұзындығы  8см,  екі  бүйірі 

қысыңқы  кішігірім  жануар.  Көбіне  таяз  жерлерінде  құмға  кіріп,  тек  бас 

жағын шығарып жатады. Олардың қорегі судың ішіндегі ұсақ жануарлар мен 

өсімдіктер дүниесі. 

Тері  қапшығы.  Екі  қабаттан  тұрады.  Сыртқысын-эпидермис,  ішкісін 

кутис  деп  атайды.  Ланцетниктің  эпидермисі  бір  қабаттан  тұрады  да,  оның 

сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол 

қоймалжың ұлпалардын құралады. 



Ет  жүйесі.  Денесінде  біркелкі  орналаспаған.  Ет  әсіресе  денесінің 

арқасында  көп  болады.  Ет  жүйесі  миомерлер  деп  аталатын  бунақтарға 

бөлінеді. Миомерлер бірінен бірі миосепта деп аталатын дәнекер ұлпалармен 

шектелген. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып 

жатады.  Хорда  негізінен  қаңқа  қызметін  атқарады.  Хорданы  ең  бірінші 

тауып,  сипаттап  жазған  және  атаған  орыс  ғалымы,  академик  К.М.Бэр(1827-

1837). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет