Науқасты оқшаулау, сұйық тағам қабылдау. Науқасты госпитализациялау. Симптоматикалық ем: жергілікті емге антисептиктер ауру сезіміне қарсы ем, 10% натрий тетрабораттың глицериндегі ерітіндісі, 5% димексидтегі марборан, кастеллан сұйықтығы, метилен көгі, шалфей, 2% лидокаин. Антигистаминді препараттар: супрастин, диазолин, кальций глюконат. Жалпы әлсіздікті болдырмау үшін: стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (ибупрофен, нимесулид)
Везикулярлы стоматит
Везикулярлы стоматит- зоонозды жедел вирусты инфекция, ауыздың шырышты қабатын, қылызиек, жұтқыншақты зақымдайды. Синдромы-бөртпелер(сыпь). Қоздырғышы- энтеровирус. Инкубациялық кезең 5-6 күн. Бөртпелер ауыз қуысында сонымен қатар алақан мен табанда пайда болады. Қоздырғышы вирус болғандықтан баланы оқшаулау керек. Инфекцияны таратушы жәндіктер болып табылады. Жаз айларында жиі кездеседі.