Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


ТАҚЫРЫБЫ: Гипофиз,эпифиздің, қалқанша,қалқанша маңы,айырша,бүйрек үсті бездерінің құрылыстары.Ұйқы және жыныс бездерінің ішкі және сыртқы секреция бөлігі



бет146/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   180
Байланысты:
2 сем

ДӘРІС №39
ТАҚЫРЫБЫ: Гипофиз,эпифиздің, қалқанша,қалқанша маңы,айырша,бүйрек үсті бездерінің құрылыстары.Ұйқы және жыныс бездерінің ішкі және сыртқы секреция бөлігі
Гипофиз, hypophysis (glandula pituitaryia), аяқшасы арқылы ми, сұр төмпе және құйғышпен байланысты. Қызғылт түсті кішкене шар тәрізді немесе сопақша без, түрік ертоқымында жатады. Көлемі үлкен емес: ұзындығы 8-10 мм, ені 12-15 мм; биіктігі 5-6 мм; салмағы 0,35-0,65 г. Әйел жүкті болғанда ол үлкейіп, босанғаннан кейін бұрынғы қалпына қайтып келмейді. Гипофиз құрылысы, қызметі мен дамуы әр түрлі 2 үлестен тұрады: алдыңғы үлес ( аденогипофиз ) және артқы үлес (нейрогипофиз). Алдыңғы үлестің жоғарғы бөлімі сұр төмпеге жанасыпжатадыжәнеолтөмпелікбөлімдепаталады.
Артқы үлес III қарынша түбінің томпаюы арқылы қалыптасады. Екі үлестің арасында аралық бөлім жатады. Қуыс болып қалатын бұл томпақтың жоғарғы бөлігінен құйғышпен қоса сұр төмпе, ал төменгі бөлігінен гипофиздің артқы үлесі мен гипофиз аяқшасы түзіледі, бұлар осылай, құйғыштың өсіндісі болып табылады және оларда нерв тінінің элементтері болады (нейрогипофиз)
Қызметі: Екі үлестің құрылысы мен дамуы әртүрліболғандықтан, олардың қызметтері де әртүрлі. Алдыңғы үлес бүкіл дененің өсуі мен дамуына әсер етеді. (СТГ- соматотропты гормон). Онда ісіктер пайда болса, саусақ, мұрын және еріндер қатты өседі (акромегалия). Сондай-ақ, алдыңғы үлес басқа ІСБ-нің-қалқанша (тиреотропты гормон), бүйрекүсті безінің (АКТТ) және жыныс бездерінің (гонадотропты гормон) қызметін күшейтеді. Артқы үлес қан қысымын арттыра (вазопрессин), тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еті мен жатырдың (окситоцин) жұмысын күшейтеді, бүйректегі су реабсорбциясына әсер етеді (антидиуреттік гормон). Артқы үлес бұзылғандақантсызнесепжібергіштікпайдаболады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет