Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Буылтық-несеп шығаратын өзек бездері, glandula bulbouretralis



бет47/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   180
Буылтық-несеп шығаратын өзек бездері, glandula bulbouretralis, несеп шығару өзегінің бойында орналасқан көлемі бұршақтай екі кішкене без. Бездердің өзектері буылтық аймағында несеп шығаратын өзектің кеуекті бөлігіне ашылады. Бездер несеп шығаратын өзектің қабырғасын несептің тітіркенуінен қорғайтын жабысқақ сұйық бөліп шығарады.

Ер адамның сыртқы жыныс мүшелеріне аталық жыныс мүшесі, ұма, несеп шығару өзегі кіреді.

Жыныс мүшесі, penis, несепті және ишәует сұйықтығын шығарады. Жыныс мүшесінің қалыңдаған басы, ортаңғы бөлігі- денесі, артқы бөлігі- түбірі бар. Оның басы мен денесінің арасында жіңішкерген мойны бар. Басының ұшына несеп шығаратын өзектің тесігі,үрпісі, ашылады. Жыныс мүшесі ұзынша пішінді екі үңгірлі, бір кеуекті денеден тұрады. Үңгірлі денелер- шеттері үшкір екі цилиндрлі дене, олардың артқы шеттері ажырап, қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарына бекитін екі аяқша түзеді. Кеуекті днен үңгірлі денелердің астында жатады, ол екі жерде қалыңдайды- басында және артқы түбірінде. Кеуекті дененің ішінен несеп шығаратын өзек өтеді. Кеуекті денелер сыртынан ақ қабықпен жабылған . Олардың ішінді қуыстар бар. Жыныстық қозу кезінде бұл қуыстар артерия қанына толады, жамбас бұлшықеттерінің жиырылуы нәтижесінде вена қанының шығып кетуі қиындайды. Жыныс мүшесінің терісі жұқа, қозғалғыш, мойнының тұсында қатпарлар пайда болып, басын қаптап тұрады, оның ішкі қабатында май бездері көп. Жыныс мүшесі байламдар арқылы қасаға, шонданай сүйектеріне бекіп, қалпын сақтайды. Жыныс мүшесінің көлемі үш денедегі қан мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.

Ұма, scrotum, атабездердің қапшығы. Онда атабездер қосалқысымен және шәует шылбырының бастапқы бөлігі орналасқан. Ол пердемен екі бөлікке бөлінген. Ұманың қабырғасы- іш қабырғасының қабаты тәрізді 7 қабаттан тұрады. Олар: тері асты май, беткейдегі шандыр, бұлшық ет, тереңдегі шандыр, сірлі қабықша қабаттары.

Тері қабығында тер және май бездері көп. Бұл қабат өте қозғалғыш. Оның астында дәнекер ұлпамен біріңғай салалы бұлшық еттен тұратын ет қабаты бар. Бұлшық ет қабаты іш қабырғасының тері асты қабатына сәйкес келеді.Ет қабатының астында беткейдегі шандыр, оның астында атабез жыныс безін көтеретін бұлшық ет, одан кейін ішкі шандыр бар.Бұлардан басқа аталық жыныс безінің ақ қапшығы бар.Ол ішкі және сыртқы қабаттан тұрады. Екеуінің аралығында аз ғана сір сұйықтығы бар.



ДӘРІС № 23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет