Дипломдық жобаны дайындау барысында біреуді ой-пікірін сілтемесіз қате түрде
алуға, құрастыруға, басқа сөзбен толықтыруға қатаң тыйым салынады. Барлық жобалар
алдымен плагиатты анықтау және алдын алу бойынша бекітілген ережелерге сәйкес
плагиатты тексеру процедурасынан өтуі керек (Univer жүйесі негізінде). Тақырыптарға
байланысты жобалар пәнаралық (2 немесе одан да көп білім беру бағдарламаларын
қамтитын) немесе жалғыз болуы мүмкін. Студенттердің үздік бітіру жобалары патенттер
мен авторлық куәліктер үшін ұсынылуы мүмкін.
Дипломдық жоба тақырыбын таңдаудың негізгі критерийлері:
- оның өзектілігі, мәселені шешудегі жаңалығы;
- практикалық сипаты, яғни әзірлеу нәтижелерін енгізу мүмкіндігі;
- мәселені шешуде қолданылатын әдістер мен құралдардың прогрессивтілігі;
- ғылым мен техника саласындағы озық жетістіктерді пайдалану болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: