Дәріс кешені дəріс Кіріспе. Клиент-серверлік архитектурасы. Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі əрекеттесуі



Pdf көрінісі
бет24/36
Дата20.12.2022
өлшемі1,89 Mb.
#58571
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Түйінді ұғымдарCGI технологиясы, WEB-жылдамдатқыштар
Дəріс жоспары:
1. CGI технологиясы, CGI бойынша сұраулар мен жауаптардың атаулары.
2. WEB-жылдамдатқыштар.
Браузердің адрестік жолындағы қажетті URL-ді теріп болған соң, браузер пайдаланған
протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын алады. Сервер атын IP- адреске ауыстыру
үшін браузер DNS серверіне- жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде браузер ізделінді Web-
сервермен байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана отырып ізделінді ресурсты
сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін жібереді. Браузер HTML- тэгтерін
оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің экранында бет ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың
нәтижесін көраласыз. Əдетте қарапайым Web беттерде тек текст қана емес графиктерден де
тұрады, яғни әр түрлі типтегі бірнеше файлдан тұрады. Браузер ол файлдарды тану үшін, сервер
қандай файлды (HTLM форматындағы текст немесе JPG форматындағы графика және т.б)
жіберу керек жөнінде мәлемет береді содан соң файл мазмұны жіберіледі. Əдетте, Web беттер
көптеген файлдардан түрғанына қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web сервер тек қана
бір файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан графикалық элементке сілтеме тауып, браузер
серверге жаңа сұраныс жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті емес). Əрбір
жаңа файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа HTTP сұранысын жіберу керек. Бұнда қазіргі
серверлермен браузерлер көп потокты режімде жұмыс істейтіндіктен бір мезгілде бірнеше
сұраныс орындалуы мүмкін. Егер берілген адресте сұранып отырған ресурс жоқ болса онда
Web сервер мұнандай мәлімет береді 404/File not found ( файл табылмады).
Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.
Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге асыру үшін серверге
мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар “кәдімгі” болады, ал қандайы оның
программалық өңделуіне нұсқаулары болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі құрастырады
( арнайы командалар көмегімен немесе ішкі бағдарлама). Беттердің динамикалық
қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрип деп аталады.
Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.


Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын қалыптастыру үшін алдымен
тұтынушының локальдық компьютеріне беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және өңдеу
үшін оған сәкес заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін бірнеше
технологиялар бар.
CGI- технологиясы.
Біздің сұранысымызға сәйкес дайындалған динамикалық беттер “жылдам қалыптасты”.
Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір форманы көрсетеді бұнда сіз өз мәтініңізді
қосасыз, келесіде осы бетті ашсаңыз онда жаңа хабарлама тұрады. Web- парағына динамикалық
мазмұнды қосуға мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI (Comman Gateway Interface)
болып табылады. Ол сол немесе басқа URL мен статистикалық документі емес программаны
түсінуге мүмкіндік жасайды нәтижесінде нақты уақытта мәліметтер қалыптастырады. Мысалы
егер сіз белгілі бір районда ауа райынын дер кезіндегі мәліметінін бергіңіз келсе онда сіз әр бір
ретте жаңа бетті құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының негізінде жүзеге асыруы мүмкін.
Серверде жұмыс істеу бастағанда CGI программасы қосылады, ол цифрлы өлшеуіш құралына
айналып температура,қысым және т.б мәліметтер береді. Əр кезде осы адрестен мәлімет алу
үшін байланысқаныңызда сіз сол уақыттағы мәліметті аласыз. Басқа мысал: егер сіз ізденіс
жүйесінен белгілі мәлімет алғыңыз келсе онда CGI программасы жұмысының нәтижесін
ізделінді адрестер жыйынтығы түрінде аласыз.
CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Сервер тұтынушының сұрағын CGI программасына береді ол оларды өңдеп жұмыс нәтижесін
тұтынушы экранына қайтарып береді. Клиент үшін адресте URL статистикалық құжат па
немесе CGI программа ма еш қандай айырмашылығы жоқ. CGI программалары жұмысының
нәтижесі статистикалық құжат сияқты форматта болады. CGI терминін тек қана программа
емес протокол ретін де түсінуге болады. Бұл жағдайда CGI Web сервер үшін стандартты тәсіл
болып табылады– тұтынушы сұранысын бағдарламаға беру және одан мәлімет алу. Сервер мен
оның қосымшасының арасындағы бір біріне мәлімет жіберу жөніндегі CGI протоколы HTTP
протоколының бір бөлігі болып табылады. CGI программасының үлкен бөлігі CGI скрипталары
болып табылады. Скрип дегеніміз интерпритацияланатын немесе басқа программаларымен
жұмыс жасайтын ережелер жинағы. Perl, JavaScript тілдері тура осы скрипталық тілдер түрінде
ойлап табылған. Олар сценариилер жазу тілдері деп те аталады. Негізінен CGI программасы
скрипталық тілде және де компилирлық тілде жазылуы мүмкін. C,C++,Delphi.
CGI альтернативті техналогиясы Micrоsoft компаниясының технологиясы болып табылады. Ол
былай аталады Active Server Page (ASP) ол да сол принциппен құрылған: web- серверге
қосылған скрипт, парақ тұтынушыға жіберуден бұрын серверде орындалады. Осы принциппен
орындалатын басқа да бір қатар технологиялар бар. Динамикалық мазмұны сервер жағындағы
қалыптасатын схемадан өзгеше динамикалық мазмұны тұтынушы жағында көрінеді. Соңғы
жағдайда активті құжаттар web серверде және локольдік компьютерде сақталады. Онда белгілі
бір есептеулер орындалады жіне осы есептеулер нәтижесі экранда көрсетіледі. Активті
құжаттарды дайындауда түрлі технологиялар пайдаланады: бұл мәліметтер JavaScript те Java
апплеттерде жазылған қосымша болуы мүмкін және басқару элементі ActiveX болады.
WEB-жылдамдатқыштары.
Стандартты браузерлер кэштеу технологиясын Web-парақтарды жүктеуді
жылдамдату үшін қолданатынын айтып кеткен болатынбыз.Бірақ, жүктеу процесін Internet
Explorer-ға қарағанда жақсырық орындайтын арнайы программалар бар. Жылдамдатуды
жүйелік қосылулардың параметрлерін оптимизациялау арқылы, мәліметтерді кэштеу және
«қажеті жоқ» мәліметтерді алып тастау арқылы жүзеге асыруға болады. Кейбір
программаларда жоғарыда айтып өткен механизмдердің бірден бірнешеуі жүзеге асырылған.
Кэштеу процесін оңтайландыру арқылы жылдамдату.
Мәліметтерді кэштеу кезіндеWeb-парақтарды жүктеуді жылдамдатуды
айтқанда 2 бағытты белгілеп өткен жөн:
-
IP-адрестерді кэштеу;


-
Локалді компьютерде дискті кэшті оптимизациялау;
Əр бағыттың аптаен құралғанын түсіндіріп өтейік.
Сіз URL браузерге сол немесе басқа ресурсты жібергенде,ол DNS- серверге доменді
аттыIP-мекенге
жіберуге сұраныс жасайтыны белгілі. Қажетті мәліметтерді табу алдында
қаншама DNS-серверлерді сұрап өтеді. Əдетте, IP-адрес
қолданушы
компьютерінде
кэштелмейді және
сіз бірнеше минут алдын қолданып отырған мекен қайта сұралып
отырады,ол тағы да уақыт алады. Сондықтан, Web-парақтарды көрсетуді жылдамдатудың бір
жолы DNS-серверлерді едәуір оптималды сұрау жүргізетін және IP-мекендерді кештеуді
ұйымдастыратын программаны қолдану болып табылады.
IP-мекенді алып болғаннан кейін, шолушы компьютердің кэшінде көрсетілген парақ
копиясының сақталғандығын тексеріп,егер кэштегі құжат жарамды болса, ол қолданушыға
жіберіледі. Бұл процесс та уақыт алады және оны жылдамдату – бөлек мәселе, сондықтан оны
басқа программаға жүктеуге болады. Осы мәселемен айналысатын көптеген программалар көп
орын алатын, бірақ жылдам істейтін өз кэшін құрады. Жылдамдатудың екінші бағыты осыны
құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет