Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Н.АУразаев ұсынған ірі қара малының мойын тұсындағы жұлдызша нерв түйіні новокаинмен тежеу әдісі



бет52/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Н.АУразаев ұсынған ірі қара малының мойын тұсындағы жұлдызша нерв түйіні новокаинмен тежеу әдісі.


Сиырдың жұлдызды түйінін новокаинмен тежеу әдісі.
1 – новокаин ерітіндісін жіберетін жер.
Автор бұл әдісті бұзаулардың өкпе ауруларын емдеу үшін қолданған. Ол үшін бұзауды тұрған бойында бекітіп ұстап, тежеу жасайтын жақтың алдыңғы аяғын мүмкіндігінше артқа қарай тартып ұстайды. Сипалау арқылы 6-шы мойын омыртқасының көлденең қанатының үшін табады да, одан 3-4 см төменірек жерде ине еңгізетін нүктені анықтайды. Иненің үшін артқы жаққа қарай бағыттап, бұзаудың қоңдылығына қарай, 3-8 см тереңдікке еңгізеді. Новокаин ертіндісін 0,45 %-ды хлорлы натрий ертіндісінде дайындайды. Тежеу үшін новокаинның 0,25 % ерітіндісін қолданады.

Ұсынылып отырған резервуарды іс жүзінде былай толтырдық: сиымдылығы 1500-2000 л болатын резервуардың жарты мөлшерін тұрмыстағы шаң сорғыш аспабын пайдаланып атмосфералық ауамен толтырдық, сондай мөлшерде таза оттегін редуктормен жабдықталған оттегі балонынан алдық. Осылай дайындалған ауа қоспасын бұзаулардың тыныс алу жолына әдейілеп дайындалған маска арқылы қостық. Емдеу әдісін күніне бір рет, 50-60 минут уақыттай өткізіп отырдық. Емдеу ұзақтығы аурудың барысына байланысты 7-10 күндей болады.


Арнайы маскаларды бұзаулар мен қойларға арнап қолдан жасадық. Ол үшін адамдарға арналған противогаздың қақпақты апаратын алып, малдың басына тығыз сиятындай етіп күні бұрын дайындалған цилиндрге тығыздап, ауа шықпайтындай етіп желімдедік. Ондай цилиндрді машина дөңгелектерінің ескі камераларынан дайындауға болады. Резина цилиндрдің ішкі жағынан айналдыра диафрагма ретінде қақпақша желімдеп қойған дұрыс. Сонда цилиндр малдың басына нығыз орналасады. Ондай цилиндр екі бау арқылы малдың желке тұсынан таңып ұсталады. Противогаздың тыныс алатын қақпақшасын резина түтікше арқылы оттегінің қоспасы дайындалған резервуармен қостық. Резина түтікше ретінде противогаздың кеңірдек тәрізді түтікшесін пайдаландық. Ал дем шығаратын қақпақшаны бос қалдырдық. Керек болған жағдайда дем алу кезінде шыққан ауаны жинап алу арқылы минуттық мөлшерін анықтау үшін, немесе оның құрамындағы газдардың құрамын зерттеу үшін пайдалануға болады. Осындай арнайы масканы тапсырыс арқылы стандартты түрде жасатып алуға да болады.
Ал топ малды бірден оттегімен байытылған ауамен дем алдырып емдеу үшін арнайы бөлме немесе шатыр керек. Біз өз тәжірибемізде қолдан шатыр жасадық. Ол үшін ағаш тақтайшаларынан биіктігі мен ені 1,5 м болатын 4 тор шарбақ жасадық та, оларды өзара жіктестірдік. Сыртынан арнайы
дайындалған полиэтилен пленкасымен жаптық. Оның ішінің жалпы көлемі 3,375 м³ болды. Тор шарбақтың санын көбейту немесе оның биіктігі мен енін
18-сүрет. Қозылардың дем алысын зерттеуге арналған маска.
ұзарту арқылы шатырдың жалпы көлемін үлкейтуге болады. Шатырға кіргізетін малдың саны оның көлеміне тікелей байланысты. Ғылыми деректер бойынша 1 бұзауға орташа есеп бойынша 1,2 м³ ауаның көлемі қажет. Ал шатырдың ішіндегі ауаны 34-60 %-ға дейін байыту үшін, жоғарыда келтірілген есеп бойынша, делгіленген малдың санын ( біздің есепте 3,375 : 1,2 = 3 бас бұзау) шатырға еңгізіп, оны саңылаусыз етіп жапқаннан кейін редуктормен қамтамасыз етілген оттегінің балонынан оттегін шатырдың ішіне жібереді. Алғашқыда белгілі бір режімді анықтап алған дұрыс. Ол үшін шатырдың ішіндегі ауадағы оттегінің мөлшерін ауық-ауық есептеп отыруға тура келеді. Кейіннен сол режім арқылы жұмыс істеу оңай болады. Ол үшін оттегінің балонын әрбір уақыт бөлігінде белгілі бір уақытқа ашып шатырға оттегін жіберіп отырса болғаны.
Емге арналған медициналық оттегі 120 атмосфералық қысыммен болаттан құйылған балондарда сақталады. Сондықтан оны ауаны жоғарғы қысымда ұстайтын компрессор ретінде әртүрлі дәрілік заттардың қоспасынан ауада қалқып жүретін ұсақ бөлшектер жасауға пайдалануға болады. Мұндай ұсақ бөлшектерді жоғарғы қысымдағы ауа арқылы немесе жоғарғы қысымдағы оттегі арқылы алуға болады. Олардың негізгі қасиеті арналып жасалған генераторлар арқылы жоғарғы қысымның әсерінен шашырап шыққанда өте ұсақ бөлшектерге бөлінеді де, газ тәрізді ортада, жерге шөгіп қалмай, ауада қалқып жүруінде. Егерде осындай бөлшектер жоғарғы қысымдағы ауа арқылы алынса ауалы бөлшектер (аэрозоль) деп, ал жоғарғы қысымдағы оттегі арқылы алынса оттекті бөлшектер (оксигенозоль) деп аталады.
Біз өзіміздің тәжірибемізде дәрілік заттардың осындай ұсақ бөлшектерін алу үшін «САГ-1» генераторын пайдаландық. Осындай әдіспен алынған дәрілік заттардың бөлшектері малдың демі арқылы өкпе альвеоллаларына барады. Жоғарыда атап өтілгендей, мал организмінде оттегінің жеткіліксіздігін тудыратын ауруларды емдеген кезде, осындай дәрілік заттардың ұсақ бөлшектерін оттегімен байытылған ауамен дем алдыру арқылы емдеудің пайдасы зор. Осындай әдіспен тыныс алу жүйесінің ауруларымен ауырған малдарды емдеуді Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтының терапия кафедрасының ғалымдары зерттеп, іс жүзіне асырды. Біз бұл әдісті малды топтап, кешенді түрде емдеу әдісі деп атауды ұсындық. Дәрілік заттардың құрамына аурудың себептеріне, белгілеріне қарсы қолданылатын, белсенділіктері ғылыми тұрғыда анықталған (антибиотиктер, сульфаниламид препараттары және т.б.), жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтерінің жеткіліксіздігін толықтыратын, қақырық түсіретін және т.б. қажетті дәрілік заттарды қосу керек. Бұл жерде оттегі патогенездік және орын толтыру емдеу тәсідеріне жатады.
Осындай әдіспен ауру малды емдеу үшін герметикалық түрде жасалған арнайы шатыр-палатка, генератор (САГ-1), балондағы қысымдағы оттегі және қысымды төмендететін редуктор қажет. Редуктор арқылы балоннан шығардағы оттегінің қысымын 3-3,5 атмосфераға дейін төмендетуге болады. Редукторға жалғанған жоғарғы қысымға арналған арнайы резина түтік арқылы оттегін шатырдың ішіне шашыратуға болады. Дәрілік заттарды шашырату үшін резина түтік арнайы генераторға жалғанады. Генератордың форсункалары қарама-қарсы орналастырылған екі тостағаншасына дәрілік заттардың ерітіндісі құйылады да, ол дәрілік қоспа оттегінің қысымы арқылы шатырдың ішіне ұсақ бөлшектерге ыдырап, шашыратылады.

19-сүрет. Оттегімен дем алдыру арқылы емдеуге арналған шатыр.
Оқушы қауымға түсініктірек болу үшін бұл әдісті бронхопневмониямен ауырған бұзауларды емдеу үшін өзіміздің қалай қолданғанымызды толығырақ баяндай кетелік.
Ол үшін көлемі 12 м³ шатыр-палатка дайындадық. Оған 2-4 айлық 10 ауыру бұзауларды (1 бұзауға 1,2 м³ көлемді есепке ала отырып) орналастырдық. Генератордың тостағаншаларының әрқайсысына 500 мл-ден төмендегідей құрамдағы дәрілік заттардың қоспасын құйдық:

  1. Белсенділігі ғылыми тұрғыда анықталған антибиотик;

  2. Суда тез және жақсы еритін сульфаниламид – норсульфазол;

  3. Бронхылардың өзегін кеңейту үшін – эуфилин;

  4. Жүрек-қан тамырларының жұмысына жақсы әсер ететін кофеин натрий-бензоат;

  5. Қақырықты сұйылту үшін – медициналық пепсин;

  6. Организмнің резистенттілігін жақсарту үшін – тетравит;

  7. Дәрілік заттардың ұсақ бөлшектерін оттегімен байытылған ауада қалқытып ұстап тұру үшін – 10 % глицерин ерітіндісі.

    Оксигенозолетерапия жүргізу процесі.
    Дәрілік заттардың ұсақ бөлшектерінің тыныс жолдары арқылы өкпе альвеоллаларына ену деңгейі ол бөлшектердің диаметрі мен малдың бір рет дем алған кезіндегі ауаның көлеміндегі сол бөлшек-зольдердің концентрациясына тікелей байланысты. Бұл көрсеткішке малдың дем алу процесінде оның саны мен сапасы да өз әсерін тигізеді. Бұл мәселелерді дұрыс шешу үшін маскалық әдісті пайдалана отырып малдың бір минуттағы дем алу мөлшерін және дем алатын ауа мен деммен шыққан ауадағы газдың құрамын анықтай отырып, олардың айырмашылығын тексеру арқылы белгілі бір қорытынды жасау өте қажет.
    Біз өз тәжірибемізде ол үшін белгілі бір көлемдегі метеорологиялық резервуарға масканың дем шығару қақпақшасы арқылы малдың 5 минутта шығарған демін жинап алып, оны газдың көлемін анықтайтын аспаб арқылы есептедік те, 5-ке бөліп 1 минуттағы дем алу ауасының мөлшерін анықтадық. Ол санды аспабтың шығар аузына қойылған термометрдің көрсеткіші мен су буының серпімділігін еске ала отырып дайындалған түзеткіш коэффициентіне көбейту арқылы малдардың қалыпты жағдайдағы көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік алдық.
    Белгілі бір ортадағы оттегінің концентрациясын анықтау үшін ГК-1 аппаратын қолдануға болады. Аппарат қарапайым, 100 мл-лік бюреткадан, теңестірілмелі шыны ыдыстардан, оларды жалғастыратын шыны және резина түтікшелерден тұрады. Теңестірілмелі шыны ыдыстың біреуі мыс сыммен толтырылған. Мыс сымы тотығу арқылы тексерілетін ауа қоспасындағы оттегін сіңіреді. Оның мөлшерін 100 мл-лік бюреткадағы шкала арқылы анықтауға болады. Аппаратпен жұмыс істеу тәртібі аппаратпен бірге берілетін нұсқауда келтіріледі.
    Аппаратпен жұмыс істегенде кейбір жағдайларға көңіл аударған дұрыс:

  1. Мыс сым жіңішкере бастаған кезде оны алмастырып отыру керек;

  2. Егерде сіңіргіш ыдыстағы ерітінді сарғыш түсті тұнба бере бастаса, онда оны алмастыру керек;

  3. Жаңа дайындалған ерітіндімен толтырылған аппаратпен алынған 2-3 нәтижелерді есепке алмаған дұрыс;

  4. Жұмыс істердің алдында аппараттың барлық қосылыстарының герметикалық жағдайын тексеріп отыру қажет;

  5. Талдауға қажет газ қоспасын аз көлемді метеорологиялық резервуарға алған жөн;

  6. Шатырдың ішінен газ алу үшін резина түтікше жалғастырылған Жанэ шприцін қолданған қолайлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет