Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет39/54
Дата17.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#117080
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Физика тарихы курсына кіріспе-emirsaba.org (1)

4.Кеңес физикасының құрылтайшылары.
Кеңес физика құрылтайшылары туралы қысқаша ақпаратты қарастырайық.
Петр Петрович Лазарев 1878 ж. 4 сәуірінде Мәскеуде инженер-геодезист отбасында дүниеге келген. 1896 жылы гимназияны аяқтаған соң Мәскеу университетінің медицина факультетіне түседі. Медицинаны оқи жүре, ол бір уақытта физикаға қызығып, физика-математика факультетінде Н.А. УМО-ның және П.Н. Лебедевтің физикадан дәрістерін тыңдап жүреді. П.Н. Лебедев жетекшілік еткен физиканың қазіргі заманғы мәселелері бойынша колловиумға қатысып жүрді. Лебедев 1901 жылы медициналық факультетті аяқтап, физика-математикалық факультетке түсіп, оны екі жыл ішінде бітіріп шыққан осы тер төгіп оқыған студент-дәрігерге көңілі ауды. 1903 жылы екінші факультетті аяқтаған Лазарев медицинадан докторлық емтихандарды тапсырып құлақ, тамақ және мұрын ауруларын емдейтін университеттік емханаға ассистент болып тағайындалды.
1903 жылы Лазарев өзінің «Манометрлік алаудың дыбыс шығаруы» атты алғашқы ғылыми жұмысын жазды. Келесі жұмысы 1905 жылы «Көру және есту мүшелерінің өзара әсерлесуі туралы» атты физиологиялық жұмыс болды.
1905 жылы шет елде болып, еуропалық университеттерде ғылыми жұмысты қоюмен танысқаннан кейін П.Н. Лебедев зертханасына түседі. Осы жерде ол қабырғаға орнатылған, сиретілген газ бен қабырға арасындағы температураның өзгеруіне зерттеу жүргізеді. Осындай өзгерістің болуын теориялық жүзде М. Смолуховский болжап айтқан болатын. П.П. Лазарев газ қысымына байланысты өзгеріске тәуелділігін анықтауға мүмкіндік беретін
эксперименттік құрылғыны құрап шығарды. Бұл зерттеуді 1911 жылы Лазарев магистрлік жұмысы ретінде қорғап шықты. Осы жылы П.П. Лазарев және Мәскеу университетінің басқа да бірнеше көрнекі профессорлары Кассо білімі министрінің кертартпа әрекеттеріне қарсылық белгісі ретінде кетіп қалады.
П.П. Лазарев А.Л. Шанявский атындағы қалалық халық университетіндегі кафедрасына орналасты. Бұл А.Л. Шавнявскийдің қаржысына ашылған жеке оқу орны болатын. Осында П.П. Лазарев фотохимиялық және биофизикалық зерттеулермен айналысты, сондай-ақ, физикалық институтын жобалау құрылысына белсенді қатысты. Өзінің фотохимилық зерттеулерін 1912 жылы Варшава университетінде қорғап шықты.
Фотохимиядағы зерттеулер П.П. Лазаревті түбегейлі қызықтырып әкетті. Бұл Лазаревті жүйке қозуының иондық теориясын құруға әкеп соқты. Қозудың иондық теориясы Лазаревті атаққа әкелді, 1917 жылы 4 наурызда ол ғылым Академиясына мүше болып қабылданды.
1917 жылдың қаңтарында Миуссахтағы физикалық институттың ғимаратын салуға кірісіп кетті. Бұл ғимаратта қазан көтерілісінен кейін академик П.П. Лазарев жетекшілік еткен биологиялық физика Институтында жемісті ғылыми өмір басталады. Бұл институт жас кеңес физикасының орталықтарының бірі болды. Бұл жерден атақты кеңес оқымыстылары, болашақ академиктер шыққан: С. И. Вавилов, Г. А. Гамбурцев, М. В. Шу-лейкин, П. А. Ребиндер; көрнекі кеңес оптиктері мен акустиктері: В. Л. Левшин, П. Н. Беликов, С. Н. Ржевкин; молекулалық құбылыстар бойынша ірі кеңес мамандары: А. С. Предводителев, Б. В. Ильин, Б. В. Дерягин және басқалар.
Институт Курск магнит аномалиясын зерттеудің бастамашысы болды. Сол уақытта В.И. Лениннің қолдауымен болған бұл зерттеулер, қазіргі уақыттағы жоғары сапалы кендердің ірі запастарын өңдеумен ұштасып жатыр.
П.П. Лазарев сонымен қатар, кең баспа ісімен де айналысты. 1918 жылдан бастап физикалық ғылымның басты жетістіктері жайындағы жаңа ақпараттар беретін «Успехи физических наук» атты журнал шыға бастады.
П.П. Лазаревтің қажымас еңбектері соғыс жылдары 1942 жылы 24 сәуірде өзі қаза болған Алматыда үзілді.
Басқа физикалық орталық болып В. К. Аркадьев, А. К. Тимирязев және Лебедевтің басқа оқушылары қайтып келген Мәскеу университеті болды.Владимир Константинович Аркадьев 21 сәуірде 1884 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Гимназияда оқып жүрген кезінде ол физикаға қызығушылық білдіріп, қолдан аспаптар жасап, олармен эксперименттер жүргізіп жүрген. Мәскеу университетіне түсіп, алғашқы курста П.Н. Лебедевке эфир арқылы Жер қозғалысын анықтау бойынша тәжірибе жоспарын ала барған. Лебедев оған ең алдымен профессор А.П. Соколовтың физикалық практикумын өтіп, содан кейін өзіне зертханаға келуіне кеңес береді. Аркадьев дәл осылай жасайды да, Лебедевтің зертханасында сантметрлік толқындар облысында темірдің ферромагниттік қасиеттерін аса кішірейтуде маңызды ашу жасайды
Бұл ашылу оның алдағы ғылыми жолын анықтап берді, енді ол жоғары жиілікті өрістердегі ферромагнитті заттарды зерттей бастап, ферромагниттік резонансты тапты. Сонымен қатар, Аркадьев магнитік дисперсияны зерттеп, ол облысты магниттік спектроскопия деп атады.
Айнымалы электромагниттік өрістегі заттардың сипатына қарай, Аркадьев Максвелл теңдеулерін үш белгілі коэффициенттермен: ε диэлектрлік өткізгіштік, μ магниттік өткізгіштік және ρ электрлік өткізгіштікпен қатар, төртінші айнымалы өрістердегі ферромагнетиктегі жылулық шығынды сипаттайтын р магниттік өтімділікті еңгізе отырып жалпылауды жөн көрді. Осы төрт коэффициенттермен сипатталатын ортаны Аркадьев биокомплексті деп атады.
Аркадьев Лебедевпен бірге университеттен кеткеннен кейін, Шанявский университетінде өзінің Френель дифракциясының әр түрлі жағдайларындағы фотосуреттері бойынша тиімді тәжірибелерін іске асырды.
Ол алған фотосуреттер 1912 жылдың «Журнал Русского физико-химического общества» және «Physikalische Zeitschrift» журналдарында жарық көріп, Кеңес елінде және шет елде физикаға енді. Ол сол жерде Баклинмен бірігіп, болашақта жоғары вольтты үдеткіштерге айналған «найзағай генераторын» құрастырды.
Көтерілістен кейін қайтып оралған В.К. Аркадьев магнетизм құбылысын зерттеу бойынша кең көлемді ғылыми жұмысты жазды. Ол «Магниттік коллоквиум» атты ғылыми үйірме және магнетизмнің зертханасын ұйымдастырды. Осы зертханада өзінің жары А.А. Глаголева-Аркадьева 1922 жылы массалық сәуле шығарғыштың көмегімен, электромагниттік және инфрақызыл тербелістер облыстарындағы қысқа электромагниттік толқындарды алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет