Байланысты: Дәріс тақырыбы Физика тарихы курсына кіріспе-emirsaba.org (1)
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: Алғашқы ғылыми білімдердің қоры.
Алғашқы құлиеленуші мемлекеттердің құрылуы.
Египеттік пирамидалардың құрылысы.
Жаратылыстану ңылымының дамуы.
Ғылым дамуындағы алғашқы кезеңнің мағынасы.
Ежелгі Грекиядағы ғылым.
Фалес Милетскийдің ғылыми көзқарастары.
Пифагордың философиясы.
Эмпидоклдың философиялық ұсыныстары.
Афина – грекиялық ғылымның орталығы.
Анаксагордың аспанденелері жайлы ілімі.
Демокриттің негізгі ұстанымдары.
Физика ғылымының пайда болуына және дамуына Аристотельдің қосқан үлесі.
Архимедтің өмірі мен еңбектері.
№5 дәріс Дәріс тақырыбы: Ортағасырдағы Физика
Дәріс жоспары
1. Орта ғасыр физикасы.
2. Тарихи ескертулер
Тарихи ескертпелер Батыс Еуропадағы феодалдыққа көшу және Рим мемлекетіндегі құл иеленушіліктің ыдырау процесі қиын ахуалдағы соғыс қақтығысында және таптар мен халықтардың қозғалысында өтті. «Варварлық» таптардың қысымынан құлаған Рим империясы христиандық шіркеудің берік және мықты ұйымынан сақталған осы таптарға идеологиялық ықпал көрсетті. Кейінірек шіркеу феодализмнің идеологиялық қорғанына айналды. Феодалдыққа көшу Батыс Еуропаға қарағанда Шығыста, Қытайда және Үндістанда ертерек болды. Бұл мемлекеттер экономиканың, мәдениеттің дамуы жағынан Еуропаны басып озды және ғылымның дамуына әсер етті.
VII ғасырдың басында Араб түбегінде өте маңызды тарихи оқиға болды. Ондағы көшпелі және жартылай көшпелі таптар жаңа ислам діні атауымен берікті. Олар Мұхаммедтің басқаруымен аз уақыттың ішінде қуатты жауынгерлік мемлекет құрып, Иранды, Орталық Шығыс елдерін, Египетті және Периней түбегіне енген Еуропаны жаулап алды. Арабтар ғылым тарихында маңызды рөл ойнады. Олар шығыс пен батыс арасындағы мәдениетті, антикалық және ортағасырлық ғылымды жалғаушы буын болды. Нәтижесінде ерте ортағасырлық (VII-XI ғ.ғ.) кезеңде ғылымның дамуында жетекші рөлді Шығыс атқарды. XI ғасырда ғана еуропалық ғылым жандана бастайды, университеттер пайда болып, ірі ғалымдар шыға бастады. Дамыған феодализмнің дәуірі (XI-XVғ.ғ.) қарқынды өскен өнімділік күшінің, сауда мен қолөнердің дамуымен, жаңа экономикалық тұрпат – капитализмге көшу үшін дайындалған негізбен сипатталады.
Феодализмнің ыдырауы және жаңа экономикалық формаға көшу XV ғасырдың аяғынан бастап шамамен XVII ғасырдың бірінші жартысына дейін болады. Бұл кезең ғылым тарихында маңызды мәнге ие болды – бұл кезеңде жаңа тәжірибелі жаратылыстану пайда болды. Сонымен қоғам тарихына сәйкес ортағасырдағы ғылым тарихы, сонымен қатар физика тарихы үш хронологиялық кезеңге бөлінеді:
Шығыстағы ғылымның даму кезеңі (VII-XI ғ.ғ).
Еуропалық феодалдық ғылымның даму кезеңі (XI-XVғ.ғ.).
Тәжірибелі жаратылыстанудың пайда болу кезеңі (XV ғасырдың соңы- XVII ғасырдың бірінші жартысы).
№6 дәріс Дәріс тақырыбы: Орта ғасыр физикасының жалғасы
Дәріс жоспары
1. Ортағасырлық Шығыс ғылымының жетістіктері.
2. Орта ғасырдағы Еуропа ғылымы
Ортағасырлық Шығыстағы ғылымның жетістіктері Ерте ортағасыр дәуірінде Батыс Еуропа мұңайтатын күйде болды. Сирек ағаштар және одан да сирек үй-жайлар мен қора-қопсылар бір-бірімен әлсіз байланысқан жеке әлем болды. Феодал өз басыбайлыларынан қажетті нәрселердің барлығын алып отырды. Рим, Афины, Александриядағы шулы базарлары, театрлары және цирктері бар қалалар болған жоқ. Ортағасырдағы рухани өмірдіңбарлығы: өнер, ғылым, білім тарату шіркеуге бағынышты болған.
Ортағасырдағы Шығыс бай, әрі мәдениеттірек болды. Араб халифатының астанасы – Бағдат – халифтің әсем сарайларымен және оның визирлерімен безендірілген, шулы базарлардыәр түрлі тілді тобыр толтырды. Араб көпестері керуендер мен теңіз кемелерін жабдықтады. Қалаларда өте әдемі маталар, тамаша қару-жарақтар жасалды, алтын және күміс әшекейлер дайындалды. Шығыс дәмділерімен және тәттілерімен, хош иісті заттармен танымал болды. Бұл әлемде ғылым тұрақтылық тауып, жаңа білімдерге негіз бола алды.
Математикалық білім үшін кең сауда-саттық бай материал берсе, алыс саяхаттар астрономиялық және географиялық білімнің дамуына себепші болды, ал қолөнердің дамуы эксперименттік өнердің дамуына мүмкіндік туғызды. Сондықтан, есептеу тапсырмаларын шешуге ыңғайлы жаңа математика Шығыстан бастау алды.
Білімді, әрі жоғары мәдениетті халиф аль-Мамунның дәуірінде жұмыс жасаған хорезмилік Абу Абдалла Мұхаммед ибн Мұса аль-Хорезми (шамамен б.э. 780-850 жж.) алгебра бойынша трактат пен арифметиканың авторы болған. Еуропа аль-Хорезмидің арифметикалық трактатынан сандар жүйесімен және нөлді пайдалануды, бүтін және бөлшек сандарға арифметикалық амалдарды қолдануды меңгеріп, араб сандарымен танысты. Аль-Хорезмидің арифметикалық трактаты математиканың жаңа бөлімін – алгебра («Аль-Джабар») деген атаудың енуіне себеп болды. Бұл трактатында аль-Хорезми сызықты және квадрат теңдеулерді сипаттап, оларды шешу жолдарын көрсеткен. XVII ғасырда аль-Хорезмидің және басқа да шығыс ғалымдарының трактаттарының аудармалары пайда бола бастады. Аристотель мен Птолемейдің араб тіліне аударылған еңбектері ортағасырдағы университеттердің кафедраларына жетті.
Арабтар экспериментальді ғылымды да дамыта бастады. Мұхаммед ибн Ахмед аль-Бируни (Бируни) металдардың және басқа да заттардың тығыздықтарын дәл анықтайтын «каноникалық құрал» ойлап тапты. Бирунидің «каноникалық құралы» жоғары қарай бағытталған және мойын жағы цилиндр сияқты түтік. Түтіктің орта жағынан кішкене домалақ саңылау жасалған және осы саңылаудың өлшемімен бірдей қиғаш трубка дәнекерленген. Түтікке су құйылып, тығыздығы анықталып жатқан металл кесектері салынған, қиғаш трубка арқылы зерттеліп жатқан металдың көлемімен бірдей көлемде су бөлініп шығады. Бирунидің зерттеулері бойынша алтынның қазіргі өлшемдер арқылы тығыздығы - 19,5 тең, ал сынаптың тығыздығы – 13,56. Қазіргі шамалармен салыстыру кезінде Бирунидің нәтижелері әлдеқайда дәл болып шықты. Өкінішке орай, олар Еуропада өте кеш белгілі болды. 1857 жылы Америкадағы орыс консулы Н.Ханыков аль-Хазанидің «Книга о весах мудрости» («Даналық салмағы жайлы кітап») атты қолжазбасын табады. Бұл кітапта Бирунидің «Об отношениях между металлами и драгоценными камнями в объеме» («Металдар мен бағалы тастар арасындағы көлем қатынастары жайлы») кітабынан, Бирунидің құралымен алынған нәтижелерден үзінді келтірілген. Бируни бастаған зерттеулерді аль-Хазани өзі арнайы құрастырған таразысын «даналық таразысы» деп атады.
Бируни, сондай-ақ, дәл астрономиялық және географиялық өлшеулер жасады. Ол эклиптиканың экваторға көлбеу бұрышын анықтап, оның жылдық өзгерісін орнатты. 1020 жыл үшін оның өлшемдері 23034'0" мәндерін берді. Берілген шаманың қазіргі есептеулері 1020 жыл үшін 23034'45" мәндерін берген. Үндістанға саяхаттау кезінде Бируни Жер радиусын анықтайтын әдісті ойлап тапты.
Бируни айдың тұтылуы кезінде Ай түсінің өзгеруін және толық күн тұтылуы кезінде күн тәжі құбылысын бақылап, оларды сипаттап берген. Ол Күннің айналасындағы Жер қозғалысы жайлы ойды айтқан. Ол Үндістан жайлы «Индия» деп аталатын кең көлемді шығарма жазған және ол шығарма басқа да тілдерге аударылған.
Ортағасырдағы Шығыс елінің көрнекті ғалымының өмірбаянына қысқаша тоқталсақ. Бируни 973 жылы 4 қыркүйекте Хорезмнің басты қаласы Кятеде дүниеге келген. Ол қолөнершіліердің ортасында өскен. Оның білімге деген құштарлығы ерте оянған. Ол жас кезінде ертедегі Хорезмнің ғылыми ортасымен тығыз байланыста болған.
Мысырлық (египеттік) Ибн әл-Хайсом ірі физик болды. Ол Европаға Алхазен деген атпен белгілі. Оның негізгі зерттеулері оптикаға жатады. Алхозел камера-обакура жұмысын бірінші болып пайдаланды. Цилиндрлік, сфералық, конустық айналарды зерттеді. Алхазен жарықтың сынуын зерттеді. Ол көру теориясын өңдеп, көздің анатомиялық құрылысын суреттеген ғалым. Жарықтың сыну жұмысында Алхазен сыну бұрышы түсу бұрышына пропорционал екенін дәлелдеді. Алказенның “оптика кітабы” латын тіліне VII ғ. аударылды