Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Этнопсихологияның басқа ғылымдармен байланысы



бет11/106
Дата20.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69515
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   106
Этнопсихологияның басқа ғылымдармен байланысы.
Басқа да ғылымдар сияқты этнопсихология ғылымы да көптеген ғылымдармен өте тығыз байланысты. Оларға гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар жатады. Олар төмендегідей;

  • Антропология (гректің антропос – адам, логос – ілім) яғни адамның шығу тегін, оның бітімін, эволюциясының өзгеруін зерттейтін ғылым.

  • Этнология арасындағы байланыс – этностың тіршілік әрекеті. Этнологияның зерттеу пәні - этнос болатын болса, этнопсихология сол этнос өкілдерінің болмыс-бітімін, мінез-құлқындағы ерекшеліктерін зерттейді.

  • Этнография – әр түрлі этностардың салттарын, болмастарын, жанұядағы өзара қатынастарын, құндылық бағдарын және де психологиялық сипаттарын қарастырады.

  • Этнолингвистика - тілдердің шығу тарихы жайлы ғылым.

  • Этнофилософия – ұлттық дүниені тану болып табылады. Осы мағынада ол этнопсихология мазмұнының дүниетанымдық бағытын қалыптастыруға ықпал етеді.

  • Этнопедагогика мен этнопсихология арасындағы байланыс. Ол – зерттелетін мәселелер бойынша байланыс, яғни ұлттық сана-сезім, ұлттық мінез, ұлттық сезімнің қалыптасуы.

  • Әлеуметтік психология - адамдардың психологиясын, олардың ұлттық ерекшеліктерін қарастырады. Г.М. Андрееваның көрсетуінше «әлеуметтік психология үшін маңызды фактор болып табылатыны, ол индивтің этнос мүшесі ретінде өзін сезінуі.

Сөйтіп, жоғарыда айтылған пәндердің арасындағы байланыстардың тамыры тереңде жатыр, бұл – бір нысан шеңберіндегі, яғни кірігу деңгейіндегі байланыс. Бұл жөнінде И.М.Кантор: «Әлемнің біртұтастығы, заттар мен құбылыстардың жалпыға ортақ байланысы мен өзара ынтымақтастығы, материя мен қозғалыс формаларының тарихи сабақтастығы, сапасы әртекті жүйенің танымал изоморфизмі кірігудің шынайы негізі болып табылады», - дейді.
1. Этнопсихологиядағы жеке тұлғаның теориялық сұрақтары.
2. Жеке тұлғаның этникалық сәйкестілігі.
3. Жеке тұлғаның ұлттық ерекшелігінің мәні.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет