Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет43/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81
Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен, екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:








Теңдік бағаның өзгеруі

Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі

Сұраныстың өсуі

Өсуіне

Өсуіне

Сұраныстың азаюы

Төмендеуіне

Азаюына

Ұсыныстың азаюы

Өсуіне

Азаюына

Ұсыныстың өсуі

Төмендеуіне

Өсуіне

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.


Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
3. Нарықтың түрлері. Нарықтың инфрақұрылымы.
Нарық жүйесі – әр алуан шарттары мен іс-әрекеттерімен сипатталатын барлық нарық түрлерінің жиынтығы. Нарық әр түрлі сатыда, барлық сфераларда және іс-әрекеттің барлық түрлерінде мемлекеттің әр аймағында құралады. Сондықтан да нарық жүйесі күрделі, әрі алуан түрлі болып келеді. Заңнамада нарықтың келесідей жүйелері көрсетілген:

  1. ресми

  2. ресмисіз (көлеңкелі)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет