Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Монополия теориясы. Монополиялық теорияның маңыздылығы



бет54/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81
4. Монополия теориясы. Монополиялық теорияның маңыздылығы. Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының қалыптасуына елеулі әсер тигізеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекеттік мекемелерге немесе контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу, өнеркәсіптік-өндірістік тіресу, сауда-саттық тіресу (сайысу).
Фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:

  • жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;

  • ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.

Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:

  1. Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкелетін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп, пайданы барлық фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады.

  2. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополистік тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет